Шаңырақ – шаттық мекені » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
18
март
2025

Шаңырақ – шаттық мекені

Март мейрамы қарсаңында 17 март күні мектеп қабырғасында ата-аналармен ерекше кездесу өтті. Іс-шара “Шаңырақ – шаттық мекені” тақырыбында ұйымдастырылып, оған 8”Б” және 8”В” сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту және ата-аналар мен балалар арасындағы сыйластықты арттыру болды. Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары мен ән-күйі насихатталды.

Жиынның шымылдығы жылы лебіздер мен құттықтаулардан басталды. Преподаватели мен оқушылар Март мерекесінің мән-мағынасына тоқталып, “Шаңырақ” ұғымының қазақ халқы үшін қасиетті екендігін атап өтті. Ата-аналар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы құндылықтары жайлы ойларын ортаға салды.Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ата-аналар мен оқушылар өзара сайысқа түсті. Әсіресе, арқан тарту, асық ату, қол күресі сияқты ойындар көпшіліктің қызығушылығын оятты. Оқушылар қазақтың қара домбырасымен ән шырқап, би билеп, ұлттық өнерімізді дәріптеді. 

Шара соңында ата-аналар мен ұстаздар осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді. “Шаңырақ – шаттық мекені” атты кездесу барша қатысушыларға жылы әсер қалдырып, Март мейрамының шынайы рухын сезінуге мүмкіндік берді. Бұл кездесудің берер тағылымы мол болды. Ол тек мерекелік жиын ғана емес, рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды шара ретінде есте қалды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив