«Болашаққа кітаппен» атты «READ x» проект
Облыстық семинар аясында «Болашаққа кітаппен» атты «READ x»проект өткізілді. Библиотекашылар: Пизулиқызы Айгүл, Кенжина Назым Тоқтарбекқызы
«Болашаққа кітаппен» атты «READ x»проект Облыстық семинар аясында «Болашаққа кітаппен» атты «READ x»проект өткізілді. Жобаның мақсаты: «Балалар кітапханасы» проект аясында оқушыларымызды көркем шығармаларды оқып-талқылауға,оқырмандық сауаттылығын қалыптастыруға,рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға жол көрсетті. «READ x»алаңы-тың идеялармен бөлісуге,кітап оқуға шабыттандыратын алаң.Оқушыларды әлеуметтік желілерде,ғаламтор мен гаджеттерде уақыт өткізбей, кітап оқуға ұмтылуға шақырады.Информация алуда ғаламтордан гөрі кітаптың пайдасы мол.Өйткені білім мен тәрбиенің ең күшті құралы-кітап.Көркем шығарма кейіпкерлері арқылы жас оқырмандар өмірде кездесіп жататын қиындықтарды жеңуге,әртүрлі жағдаяттарды шешуге үйренеді.Кейбір кітапты оқи отырып,кемеңгерлікке жетуге,өмірден өз жолын табуға,үздіксіз дамуға ұмтылады,өзіне қажетті тамаша идеяларды табады.Кітап адамзат өмірінің құнды мұрасы, алтын қазынасы,ғұмырлық шежіресі болып табылады.
«READx» критериі:
1) Кітап мазмұнын қысқаша айту, нақты сұрақтарға жауап беру.
2) сөйлеу шеберлігі
3) шығарма оқуға қызықтыру тұсы
4) сахна мәдениеті
5) сөйлеу уақыты 5-7 минут кітап оқуды жандарына серік еткен,бүгінгі «Болашаққа кітаппен» атты «READ x» проект на қатысушы спикерлермен таныс болыңыздар.1-спикеріміз: 9 «В» сынып оқушысы Солтанғазина Анель. Медеу Сәрсеке «Қазақтың Қанышы» романы.
2-спикеріміз: 10 «Ә» сынып оқушысы Қабдылхан Олжас. Мұқағали Мақатеавтың поэзиялық шығармалары
3-спикеріміз : 9 «В» сынып оқушысы Бекжанова Ботагөз . Ақбелен Ергезек «Болмаған балалық шақ» әңгімелері.
Жоба ережесіне сәйкес, әр спикердің таныстырылымынан кейін залдағы көрермендер қолдарына берілген сары «Оқимын!» немесе жасыл «Ойланамын!» түсті қағазды көтеріп дауыс беріп отырды. Карточкалар арқылы тыңдаушылар, спикердің сөз сөйлеуі, пікірі, идеялары мен тәжірибесі қандай әсер қалдырғаны айқындалады.
Семинарға қатысушылардан кері байланыс алып,барлық спикерге «Оқимын!» деген карточкасы көрсетіліп, баяндамашылардың тыңдармандарды кітап оқумен қызықтырғанын дәлелдеп, оқу әуесқой қатарына жаңа жас оқырман қосылады деген үміт тудырды. «Болашаққа кітаппен» атты «READ x»проект жоғары бағаланды.
Кітап оқып трендте болыңыздар. Жобаның мақсаты: «Балалар кітапханасы» проект аясында оқушыларымызды көркем шығармаларды оқып-талқылауға,оқырмандық сауаттылығын қалыптастыруға,рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға жол көрсетті.


