2024-2025 оқу жылында оқушыларға міндетті мектеп формасы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » 2024-2025 оқу жылында оқушыларға міндетті мектеп формасы
02
сентябрь
2024

2024-2025 оқу жылында оқушыларға міндетті мектеп формасы

📚 2024-2025 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ақпарат

Құрметті ата-аналар!


 Сіздерге 2024-2025 оқу жылында оқушыларға арналған міндетті мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 январьдағы №26 бұйрығына және 2023 жылғы 7 августдағы №250 бұйрығымен енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес бекітілгенін хабарлаймыз. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне сәйкес реттеледі.

🔰 Ұлдардың мектеп формасы:

  • Негізгі киімдер: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде.
  • Қосымша киімдер: түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска.
  • Қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка.
  • Шалбар: еркін тігілген және тобықты жауып тұрады.

♻️ Қыздардың мектеп формасы:

  • Негізгі киімдер: пиджак, жилет, юбка (көк немесе қара түсті), шалбар, классикалық жейде.
  • Қосымша киімдер: түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска.
  • Қысқы мезгілде: трикотаж жилет, сарафан, водолазка.
  • Шалбар: еркін тігілген және тобықты жауып тұрады.

📌 Заң талаптары:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1 тармағы:
     Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
  • 49-баптың 6 тармағы:
     Ата-аналар мен олардың заңды өкілдері міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға тиіс.

 Тыйым салынатын элементтер:

  • Мектеп формасына діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды: 
    • Тізеден жоғары юбка, орамал, хиджап, паранжа, кимешек, никаб және т.б. киюге қатаң тыйым салынады!
  • Жарақаттайтын фурнитурасы бар киімдер мен аксессуарлар киюге болмайды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив