«Мерзімді әскери қызметке шақыру» » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » «Мерзімді әскери қызметке шақыру»
03
март
2025

«Мерзімді әскери қызметке шақыру»

«16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ» КММ-де «Мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері туралы» хаттаманы орындау шеңберінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Е.Чурчитбаев 10-11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізді. Әңгімелесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, олардың құрылымы мен атқаратын қызметі, мерзімді әскери қызметтің маңыздылығы мен міндеттері түсіндірілді. Сондай-ақ, әскерге шақыру тәртібі, сарбаздардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді.

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерді Отан алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін нығайту, әскери қызметтің маңыздылығын ұғындыру және олардың әскери дайындыққа деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, оқушыларға әскери қызметтің ел қорғанысындағы рөлі туралы жан-жақты мәлімет беріліп, олардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал ету көзделді. Бұл кездесу оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, олардың елін сүюге, қорғауға және әскери қызметке саналы түрде қарауға деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив