20
январь
2025
“Файлдармен жұмыс. Практикум” тақырыбында ашық сабақ 7 “ә” сыныбы
“Ғылым мен технологияның үндестігі” атты МИФ бірлестігінің онкүндігі аясында 7 “ә” сыныбына “Файлдармен жұмыс. Практикум” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Бұл сабақтың мақсаты – оқушыларды ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға үйрету, файлдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Сабақ барысында оқушыларға файлдарды сақтау, көшіру, жылжыту, жою және файлдардың түрлерімен танысу туралы теориялық білім берілді.Пән мұғалімі Байгульжина Ж.М. сабаққа қызықты әрі мазмұнды түрде дайындығын көрсетті. Оқушылар практикалық тапсырмалар орындау барысында файлдарды басқарудың негізгі әдістерін меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды. Мұндай практикум сабағы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, олардың ақпараттық технологиялар саласына деген қызығушылығын арттырды.
Сабақтың қорытындысында оқушылардың белсенді қатысуы мен көрсеткен нәтижелері жоғары бағаланды. Осындай ашық сабақтар оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды заманауи ғылым мен технологияларға жақындатады.
