Білім күні. «Менің Отаным-Қазақстан!» Қауіпсіздік сабағы
9 "Ә" сыныбында Білім күні. «Менің Отаным-Қазақстан!» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) Жедел жәрдем нөмерлері және сенім телефондары Сабақ барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздігі, ұлттық құндылықтары мен Отанға деген сүйіспеншілік туралы мағлұмат алды. Шараның басты мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін оятып, елінің тарихы мен мәдени мұрасын қадірлеуге баулу. Сонымен қатар, қауіпсіздік сабақтарына ерекше назар аударылып, 10 минуттық ақпараттық бөлімі ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар жедел жәрдемнің 103 нөмірі және полицияның 102 нөмірі сынды шұғыл қызметтерге хабарласу жолдары туралы түсінік алды. Сондай-ақ, балаларға сенім телефондарының (150 және 111) маңыздылығы түсіндіріліп, қиын жағдайда кімге жүгіну керектігі туралы кеңестер берілді. Бұл шара балалардың жауапкершілік сезімін арттырып, өмірлік маңызды ақпараттарды игеруіне ықпал етті.
