16
октябрь
2024
«Библиотека әлеміне саяхат» атты қойыл
Библиотекашылар күніне орай мектепте даярлық сынып тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Библиотека әлеміне саяхат» атты қойылым өтті. Шараның мақсаты – оқушыларды кітапхана әлемімен таныстыру, кітапқа деген сүйіспеншілік пен оқуға деген қызығушылықты арттыру болды. Қойылым барысында балалар кітапхана ережелерімен танысып, кітаптардың адам өміріндегі маңызы туралы қызықты мәліметтер алды. Қойылым түрлі кейіпкерлердің қатысуымен әсерлі әрі көңілді өтті, балалар кітап әлемінің ерекше сырларына үңіліп, кітапханашылардың еңбегін бағалауға мүмкіндік алды. Бұл шара оқушылардың бойында кітапқа деген құрмет пен білімге құштарлық сезімдерін оятты.
