19
ноябрь
2024
Жалпы білім беретін пәндер олимпиаданың мектепішілік кезеңі
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиаданың ашылу салтанатында мектеп директоры А.У. Сатаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды білім шыңына ұмтылуға жігерлендіріп, барлық оқушыларға сәттілік тіледі. Директор өз сөзінде білімнің маңыздылығын атап өтіп, олимпиадаға қатысушыларға адалдық пен табандылық танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тіледі. Ашылу салтанаты оқушыларға шабыт беріп, оларды олимпиадада өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетуге ынталандырды. Осы шара арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығы артып, зияткерлік деңгейін дамытуға мол мүмкіндік берілді.
