Құқық бұзушылық түрлері туралы профилактикалық әңгіме
Бүгін 9-11 сынып оқушыларына Жасөспірімдер ісі бойынша мектеп инспекторы, полиция майоры Садыканова М. А мен Орталық полиция капитаны Сеулбаев Е. кәмелетке толмаған оқушылар тарапынан жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері туралы профилактикалық әңгіме жүргізді Атап айтқанда мектеп оқушыларына 1) сабаққа кешігу, сабақтан себепсіз қалу, шемішке шағу, балағат сөз айту, түңгі уақытта көшеде жүру, т. б. әкімшілік жауапкершілік түрлері туралы 2) ұрлық, буллинг пен кибербуллинг, топтық төбелеске қатысу сияқты қылмыстық жауапкершілік жайлы түсіндірме берілді