28
декабрь
2023
“Әрбір бала- жарық жұлдыз” тақырыбында ата-аналар жиналысы
Семей қаласы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 27 декабрь күні "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жоспарына сәйкес 1 ”Г” және 2 ”Г” сынып ата-аналарының арасында “Әрбір бала- жарық жұлдыз” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: оқушыларды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке тәрбиелеу. Ата-аналармен әртүрлі тренингтер, ойындар және постер құрау, қорғау жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар жиналысқа қызыға қатыса отырып қазіргі кезде толғандырып жүрген өз ойларын да ортаға салысты. Ата-аналар өткізілген жиналысқа ризашылықтарын жылы лебіздермен білдірді. 1 ”Г” сынып жетекшісі - Асанова Мадина Оразханкызы, 2 "Г" сынып жетекшісі - Булеуханова Жадыра Кабиденовна
