23
октябрь
2023
«Тоғыз ай – тоғыз іс –шара» проект аясында Мемлекеттік Әнұранды орындау
Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында және «Тоғыз ай – тоғыз іс –шара» проект аясында Мемлекеттік Әнұранды орындау бойынша Бірыңғай Челлендж өтті. Бұл іс- шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті көзқарасын қалыптастыру, оларды патриоттық сезімге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары челленджге қатысты.
