12
апрель
2023
Тоғызқұмалақ ойынынан жарыс
Дене шынықтыру, АӘД және музыка пән бірлестігінің апталығы. 4-ші күн. Тоғызқұмалақ ойынынан жарыс. Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына тоймайтын халық даналығы қалдырған ойындардың бірі – Тоғызқұмалақ. Мақсаты: Ұлттық ойынымызды кеңінен насихаттау арқылы, білім алушылардың ұлттық ойындарымызға деген қызығушылықтарын ояту. Ойынға 16 оқушы қатысты. Өткізген: Ж.А.Айтбаева, жарысты өткізуге көмектескен Шәкәрім Университетінің машықкерлері: Анвар Мерей, Ертисов Абылай. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!


