2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕНІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
отдела образования города Семей управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Бухгалтерия
+7(7222)568278
Версия для
слабовидящих
» » 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕНІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
05
сентябрь
2018

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕНІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мазмұны
1.Бағдарлама паспорты........................................................................................
2.   Бағдарламаны құрастырудың негіздемесі және сипаттамасы...................
2.1. Бағдарламаны жүзеге асыру факторлары..................................................
2.2. Қалалық білім беру жүйесінде тәрбиенің негізгі міндеттері және            мақсаты.................................................................................................................
3. Перспективті жобалар.....................................................................................
3.1. Жоба-1. «Демократиялық қоғамға – патриоттар мен азаматтар» ...........
3.2. Жоба-2. «Көшбасшылыққа – инновация арқылы»....................................
3.3. Жоба-3. «Қазақстанды жастар құру керек!».........................................
3.4.Жоба-4     «Менің денсаулығым –менің болашағым.......................................
3.5. Жоба-5. «Отбасы- менің негізгі тірегім» ...................................................
Глоссарий................................................................................................................
 
1. ҚАЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Семей қалалық білім бөлімінің 2016-2020 жылдарға арналған тәрбиені дамыту бағдарламасы
1.1Бағдарлама атауыСемей қалалық білім бөлімінің 2016-2020 жылдарға арналған тәрбиені дамыту     Бағдарламасы
1.2.Бағдарламаның
құқықтық негіздері
  • Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық құжаттары құрайды:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995 жылғы 30августда республикалық референдумда қабылданған. 2011ж. 2 февральда берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 декабрьдағы №518-IV Кодексі(.2014.17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
  • «Білім туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 июльдегі №319-ІІІ Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 августдағы №345-ІІ Заңы (2014.29.12.берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
  • «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының  2011 жылғы 11 октябрьдағы №483-ІVЗаңы;
  • «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың білім     беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 декабрьдағы №1118 жарлығымен бекітілген (2014.12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);
  • Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға Тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013жылғы 30 майдағы №557 Жарлығымен бекітілген;
  • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 декабрьдағы №986 Жарлығымен бекітілген;
  • Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 июньдағы №873 Қаулысы;
  • «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 февральдағы №191 Қаулысымен мақұлданған;
  • «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 ноябрьдағы №521 Бұйрығымен бекітілген;
  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013жылғы 3 апрельдегі №115 Бұйрығы;
  • Тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Бала құқықтары туралы Тұжырымдаманы, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық Декларациясын, Лучшийсіз білім беру бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын ескереді.
  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы  25 июньдағы № 832  қаулысы. 
1.3.Бағдарламаға мемлекеттік тапсырыс берушіШығыс Қазақстан облысы  «Семей қалалық білім бөлімі»ММ
1.4.Бағдарламаны дайындағандарБілім беру мекемелерінде тәрбие шараларын     жүзеге асыруға  бағытталған оқу бағдарламалары мен әдістемелерді құзырлылыққа сәйкес жүзеге асыратын –«ШҚО Семей қалалық білім бөлімі»ММ
1.5.Бағдарламаны Бірлескен ұйымдармен бірге
негізгі орындаушылар немесе жүзеге асырушылар
ШҚО ,Семей қалалық білім бөлімі»ММ
  • Тәрбие бөлімі
  • қамқорлық және қорғаншылық бөлімі
  • мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімі
  • әдістемелік кабинет
  • жалпыбілім беретін мемлекеттік мекемелер және қосымша білім беру мекемелері
  • Здоровье сақтау мекемелері
  • «Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ
  • «Семей қаласының мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімі»ММ
  • « Жұртшылықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту орталығы»  ММ
  • «Наркологиялық диспансер»
  • «Семей қаласының ішкі істер басқармасы» ММ
  • Қоғамдық ұйымдар мен мекемелер
  • Баспасөз ақпарат құралдары
1.6.Бағдарлама
Мақсаттары
  • Білім мазмұнын жаңарту жағдайында ҚР тәрбие негіздері Тұжырымдамасын жүзеге асыру
  • Семей қалалық білім беру жүйесінде  тұлғалық өсу және позитивті әлеуметтік ұрпақ тәрбиелеудің тиімді ортасын құру.
1.7.Бағдарламаның негізгі міндеттері
  • Білім берудің барлық  сатыларында тәрбиеге құзырлы жағдайды қамтамасыз ету;
  • Қалада тәрбиені жүзеге асыруда бірыңғай ақпараттық кеңістік құру, тәрбиенің әртүрлі субъектісінде бағыт беру мүмкіншілігі; (қала көлемінде тәрбие үрдісінде диспетчерлік көмек көрсетудің мүмкіншілігі)
  • Білім беру мекемелеріндетәрбиелік шаралардың тиімді әдістемесін таңдау және мазмұнын жаңарту;
  • Жастарды және балаларды тәрбиелеу міндеттерін шешуде қаладағы білім беру мекемелерінің қоғамдық ұйымдармен әлеуметтік серіктестігін дамыту;
  • Педагог-тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, жобалау мақсаты мен жетістіктері мәдениетін,жоспарлар мен бағдарламалар, модельдер мен тәрбие жүйесін жетілдіруді дамыту;
  • Қаладағы білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесін  және кәсіби дағдысын дамыту  үшін ғылыми-әдістемелік жағдай жасау;
1.8.Бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер
  1. Тәрбиені дамытуда бірыңғай ақпараттық кеңістік, бірыңғай қалалық тәрбие саясатын қалыптастыру.
  2. Құқықтық –нормативтік және әдістемелік-бағдарлмалық тәрбие базасын жүзеге асыру.
  3. Білім беру институттарының басқа қоғамдық субъектілермен әлеуметтік серіктестігін нығайту.
  4. Тәрбие сапасы мониторингінің қалалық жүйесін құру.
  5. ҚРТәрбие Тұжырымдамасының негізінде тәрбие жұмысы технологиясы мен мазмұнын жаңарту.
  6. Тәрбие ұйымдастырушыларының әлеуметтік статусын көтеру, олардың кәсіби құзіреттілігін,
ұйымдастырушылардың жаңа заманға лайықталған тәрбие     корпусын қалыптастыру.
Тәрбиеленушілердің тұлғалық өсуінің позитивті динамикасы.

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзіміІ   кезең
2016 жыл- дайындық кезеңі: теориялық- талдау, диагностикалық,болжамдық және ұйымдастырушылық іс-әрекет -бағдарламаны жүзеге асырудың негізі
ІІ кезең
2017-2019 жылдар – негізгі практикалық кезең: жүзеге асыру, ағымдағы сараптау, ұйымдастыру іс-әрекетінің нәтижелерін қорытындылау, бағдарламаны жүзеге асырудың іс-әрекеті және оны жүзеге асыру кезеңінде жүргізілген іс-шаралар
ІІІ кезең
2020 жыл – қорытынды – сараптау кезеңі: нәтижелер қорытындысы, бағдарлама жемісі, алдағы даму жолын құрастыру және болжам жасау

Бағдарламаны жүзеге асырудың тиімді критерилеріБағдарламаны жүзеге асырудың тиімділігінің бағалау критерийінің нәтижелілігібілім мекемелерінде  тәрбие үшін жасалған  жағдайдың сапасы, тәрбие үрдісін педагогтардың ұйымдастыру сапасы, оқушылардың тірбиелік сапасын  жетілдіру үшін тәрбиенің концептуальды негіздерін қолдану болып табылады. 
Бағдарламаны жүзеге асырудың тиімді критерий бағасы болып саналады:
  • Тәрбиелеу процесінде педагогтың ұйымдастыру сапасы. Білім беру ұйымдарында тәрбиелеуге жасалған жағдайлар сапасы;
  • Тәрбиелеу процесіне қатысушы жеке тұлға динамикасы;
  • Қоғамдық негізгі нормаларды түсіну динамикасы;
  • Базалық қоғамдық құндылықтарға позитивті қатынастарды дамыту динамикасы;
  • Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін әлеуметтік мәні бар әрекеттер тәжірибелер жинақтау динамикасы
Тәрбие үрдісін  педагогтардың ұйымдастыру  сапасын бағалау критерийі:
  • мұғалімнің балалардың оқу әрекетінде тәрбиелік мүмкіндігін жүзеге асыруы;
  • мұғалімнің балалардың сыныптан тыс уақыт  әрекетінде тәрбиелік мүмкіндігін жүзеге асыруы;
  • оқушылардың әрекетінде өзіндік басқарудың бастамасын дамыту;
  • білім мекемелерінде алғашқы балалар ұжымын дамыту;
Тәрбие үшін оқу мекемелеріндегі  жағдай сапасын бағалау критерийі:
  • білім мекемелерінде тәрбие үрдісін реттейтін құқықтық-әдістемелік құжаттарын құрастыру;
  • балалардың өзін-өзі басқару ұйымының болуы;
  • қажетті педагогикалық кадрлармен тәрбие үрдісін қамтамасыз ету;
  • білім мекемелерінде тәрбие үрдісін ұйымдастыратын педагогтарға алғыс жариялау, көтермелеу жүйесінің болуы;
  • тәрбие үрдісін қажетті материалдық-техникалық ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
  • мекеменің білім ортасының сапалылығы.

Болатын қауіпТәрбие процесінде мынадай қиындықтар туындайды:
  • Әрқашанда әлеуметтік жағдайлардың өзгерісі барысында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жас балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде дифференциалдық жаңа тәрбие түрлерін керек етеді;
  • Құқық тәрбиесінің, оның нормаларын білу, мамандық, қаржылық , әлеуметтік-техникалық тәрбиесінің жетіспеушілігі;
  • Педагогикалық ойдың және оны түсінуінде балалар мен жасөспірімдер тәрбиелеуде  баяу өзгеруі;
1.9.Бағдарламаның қаржылануыБюджеттен бөлінген қаржы көзі бойынша
2. Бағдарламаны құрастырудың негіздемесі және сипаттамасы
Осы бағдарлама бірнеше  сатылар бойынша жүзеге асырылады. Ол ҚР БҒМ №227 22.04.2015.бұйрығы бойынша тәрбие үдерісінде оның мақсаты, принциптері, мазмұны мен даму ерекшеліктері оқу саласындағы бастапқы бағыттары негізінде жұмыс істейді.Бағдарлама оқу бөлімінің барлық салаларына арналған.
Бағдарлама қалалық тәрбие процесінің қалыптасуына, тәрбие саясатында, жалпы мемлекеттік жобалардың және мәдени дамуының ерекшеліктеріне арналған.
Осы бағдарламаны тәрбие саласына пайдалана отырып ,қалалық білім саласында, имандылық тәрбиесінің қалыптасуы, азаматтық, патриоттық, әлеуметтік дамуы, шығармашылық қасиеттерінің дамуы, қалыптасуы, жастардың салауатты өмірге бет алуы қалыптасады, дамиды.
Бағдарламадағы концептуалдық тәрбие негіздерінің дамуының бірнеше жолдары:
-Жалпы қалалық білім  саласы бойынша тәрбиенің дамуын одан әрі дамыту, қалыптастыру;
- Жалпы білім бөлімдерінде тәрбие жұмыстарын одан әрі көтеру, дамыту, көңіл бөлу;
- Тәрбие саласында ғылыми-методикалық, ұйымдастырушылық, мамандандырылған кәсіптік, ақпараттық тәрбиені қамтамасыз ету.
2.1. Бағдарламаны жүзеге асыру факторлары
Соңғы жылдары қалалық білім саласында тәрбие жұмыстарын өткізуде тәжірибе алмасу жақсы қалыптасқан:тәрбие бағдарламасын вариативтік және мақсатты жүзеге асыруда, жас ұрпақтың бойында  толеранттылық және әлеуметтік белсенділік қалыптастыруда, әлеуметтік жобаларға қатысу қызығушылығын дамытуда,өзіндік басқару, еріктілер жасағы тәжірибесі және балалардың қоғамдық қозғалысын дамыту бағытында.
Алайда аймақтық ерекшеліктер біршама спецификалық мәлелелер туындатады.
Географиялық факторлар. Семей қаласында 65 мектеп жұмыс істеп отыр,оның ішінде 17 ауыл мектебі, оның ішінде 5-і Абыралы аймағында. Абыралы аймағындағы ауыл мектептерінің орталықтан алыс болуы, көлік қатынасының дұрыс ұйымдастырылмауы,аймақтағы тәрбие деңгейін көтеруге, тәжірибе алмасуға бөгет жасайды.
Экономикалық фактор.Бюджет қаржысының жеткіліксіз бөлінуінен қосымша білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы төмен. Қоршаған ортаменәлеуметтік серіктестіктікті дамытуда қоғамдық басқару ұйымдардың потенциалы  жеткіліксіз пайдаланылады.
Әлеуметтік факторлар. Көпшілік ауылдық аймақта мектеп жалғыз ғана тәрбие беретін орталық.Бірақ білім беретін орталықтар тәрбие функцияларын   толық орындамайды.
Школы, ата-аналар, жергілікті және тағы басқа әлеуметтік институттарды қоғамдық іске  біріктіру оқушылар үшін әлі баяу жүруде. Педагогикалық ұжым мен ата-аналар байланысы әлі де әлсіз.Ұлттық құндылықтар арқылы  отбасында тәрбиелеу, қайта түлету баяу.
 Барлық білім мекемелерінде балалардың қоғамдық ұйымдары құрылуда.Олар өз қатарына көптеген балалар мен жасөспірімдерді топтастыруда.
Оларда қызықты тәжірибелер түрлі бағыттар бойынша жинақталған. Тұлғаның шығармашылық дамуын, бос уақытын , салауатты өмір салтын, патриоттық және азаматтық тәрбие алуына мүмкіншілік жасалған. Сонымен қоса, балалардың қоғамдық ұйымдары өздерін әлеуметтік институт ретінде маңыздылығын, ең алдымен, ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттер дағдысын, оқушылардың көшбасшылық қасиетін, оны жүзеге асыруды көрсете білуде.Оқушылардың өзін-өзі басқару қасиеті,өзіндік даму қасиетін  дамыту алға қойылған .Сонымен қоса, бүгінгі таңдағы қоғамдық проблемаларын шешу керек.
Құрылымдық-ұйымдастырушылық факторлар
Тәрбие жүйесін дамытуға кедергі болып тұрған   балалардың өзін-өзі басқаруын дамыту және қазіргі заманғы тәрбие технологиясы туралыпедагог кадрлардың жеткіліксіз дайындығы.
Көптеген білім беретін мекемелерде әлі де өткізілетін іс-шаралардың сапасына емес, санына  көп көңіл аударады. 
Білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыруда келесі мәселелер шиеленіскен:
-Мақсаттың дұрыс қойылмауы;
-Өткізілетін іс-шаралардың тәрбиелік маңызына мән бермей,санына көңіл бөлу;
-Тәрбиелік мәнінен статистикалық мәліметтерге баса назар аудару;
-Тәрбие әдістемесінің тежелуі- ұжымдық шығармашылық істерге ұжымның  өз жоспары мен сараптамасы болмауы, әлеуметтік жобаларға   жастар мен балалардың өзіндік белсенділігі болмауы, оқушылардың өзін-өзі басқаруы   жауапкершілік  пен көздерді өздерінің игеруіне мүмкіндік берілмеуі;
-балалар мен үлкендер бірігіп өткізетін істерде, балаларға арналған тәрбие жүйесіндегі іс-шараларда басымдылық көрсету;
-Ересектер әлемі мен балалар мен жасөспірімдерді қазіргі заманғы  мәдениеттен аулақ ұстау немесе қорғау;
-Балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты бағыт, қызығушылығы мен көзқарасын қалыптастыруда тәрбие жұмысының технологияларында әдістеменің жетіспеушілігі;
-Қаланың тәрбие кеңістігінде(БАҚ,балалар мен жасөспірімдербірлестігі, отбасы, білім беру институттары) іс-әрекеттер мен тәрбиеде келісім болмауы;
-Ресурстармен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, білім беру мекемелерінде  тәрбие үрдісінің даму деңгейінің төмендігі.
-Көрсетілген мәселелерді шешуде қоғамның күш-қуатын арттыру, тәрбие әрекетінің мазмұны мен әдісін жаңартып отыру, тәрбие жүйесіндеашық қоғамдық-демократиялық және гуманды тәрбие беру үлгісіне көшу.
Бағдарламаның кілтті идеясы:  Мектепке -  тәрбиенің тиімді практикасы
Негізгі идеясы жастар мен балалардың кәсіптік қасиеттерінің дамуы, мәселені анықтау және жағдайды талдау қабілеті, функционалдық сауаттылықты дамыту, мәдениет пен әлеуметтік ұстаным қызметкерлерімен, әлеуметтік жауапты қызметтер қабілетінің оқушыларды дамыту, әдістемелер мен жаңа технологияларды жетілдіруге ерекше назар аудару болып табылады. 
Негізгі нәтижелілігі  оқушылардың тәрбиенің өзіндік моделін қалыптастыруы және әлеуметтік жағдай мен тәрбиенің тиімді технологияларының негізінде әлеуметке ашық енуі жағдайында өзіндік әлеуметтік жағдайын  анықтай алу қабілетін құрастыру. 
Жүзеге асыру жағдайы  жергілікті қоғамда әлеуметтік әрекеттің кеңістігін, әлеуметтік коммуникацияның мазмұнын, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігіне талаптылықты қалыптастыру, білім мекемелерінің заң қызметкерлерімен және атқару органдарымен байланысты дамыту.  Идея аймақта жинақталған инновациялық білім технологияларын педагогтардың меңгеруі жағдайында  жүзеге асады. 
2.2. Қалалық білім беру жүйесінде тәрбиенің негізгі міндеттері және         мақсаты
Білім беру мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу- адамның құқығы мен бостандығына , бейбітшілік пен келісімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен сыйластыққа, сенім, қайырым, әділдікке, рухани тұрғыдан даму , мәдени және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға , өз Отаны мен келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінуге негізделуі тиіс.
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. 
Міндеттері: 
1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3.Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 
5.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ эволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
  1. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. 
7.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз болады.
3. «Жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбиені дамыту консепциясын жүзеге асыру бағдарламасының»   перспективалық проект
Қазіргі уақытта  тәрбиені дамытудың  оң үрдістері табылды.  Рухани-адамгершілік процесінің сапалық жаңа кезеңінің  дамуының басталу нүктесі болып білім беруді дамыту, азаматтықты  қалыптастыру , балалар мен жастардың әлеуметтенуі болып табылады . Адам және ұлттық құндылықтар , біртұтас педагогикалық үрдістің өзегі ретінде , тәрбие жұмысының барлық бағыттарына енген .
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.  
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4.  Отбасы тәрбиесі
5.  Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  1. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 
  2. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  3. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Қазіргі кезеңде тәрбиені дамытудың ең өзекті мәселесі болып:
-тәрбие берудің мазмұны мен әдістемесін жаңартып отыру;
-тәрбиелік іс-әрекеттер барысында басқарудың жаңа кәсіби моделін құру;
-барлық білім беру ұйымдарында инновациялық педагогикалық машықты қалыптастыру  болып табылады.
Тәрбиені дамытудың болашақтағы жобаларын іске асырудың негізгі қатыстылары:
-әртүрлі типтегі білім беру мекемелері (мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, орта білім және қосымша білім беру ұйымдары)
-қоғамдық құрылымдар, балалар және жасөспірімдер ұйымдары мен қоғамы, қамқорлық кеңес, қалалық қоғамдық кеңес
- құқық қорғау ұйымдары, балалар мен жасөспірімдер ісіне жауапты әртүрлі ұйымдар
 Воспитательная работаындағы негізгі бағыттарды іске асырудың кең ауқымды жобалары
                                                                 
Жобаның атауыВоспитательная работаының бағытыВоспитательная работаының мақсаттары мен міндеттеріВоспитательная работаының өзектілігін бағалау критерийлері
«Патриот пен азамат-демократиялық қоғамға»Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбиеЖаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.  
  • Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
  • ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
  • елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;
  • өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
  • басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
-   өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
-   құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысына;  
-   заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; 
  • әлеуметтік құндылықтарға
құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту;
«Инновация арқылы көшбасшылыққа»Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесіӘрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.  
  • Өмір бойы білім алуына;
  • өздігімен білім алуы және алған
 ақпаратты пайдалану біліктілігіне;
  • сыни тұрғыдан ойлау, талдау және
 алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;
- зерттеушілік және жобалық қызмет 
біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне;
  • пікірталас жүргізу дағдыларына;
  • жасампаз қызметке; 
  • топтағы жұмысқа, корпоративтік
 рухты нығайтуға; 
  • ақпараттың түрлі дереккөздеріне;
  • қажетті ақпарат алу арналары мен
 іздестіру жолдарына;
  • өз қызметінің түрлі салаларынан
алынған ақпаратқа;
  • Интернет-қауымдастығына
қосылу дәрежесіне;
  • Интернеттегі девиантты мінез
құлыққа қарсылық білдіру;
  • ақпарат дереккөздерін таңдау 
және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне;
  • Интернет-сауаттылық 
қалыптастыруға;
  • ақпараттық қызметте және 
байланыс жасауда этикалық нормаларға;
  • жоғары ақпараттық мәдениет 
қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру;
«Қазақстанды жастар құру керек!»
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиеТұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. 
  • Экологиялық даму саласында
 мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
  • экологиялық сауаттылыққа,
 табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; 
  • «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;
  • табиғатты пайдалану және қоршаған
 ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;
  • кәсіби білім мен өнімді еңбекке;
  • нарықтық экономика заңдарына
 құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;
-  экологиялық қауіпсіздік тәртібінің
нормаларын сақтауға; 
  • еңбек қызметінде мақсатқа қол
жеткізуге;
  • мамандық таңдауына;
  • үздіксіз білім негізінде кәсіби
жинақылыққа саналы қатынас таныту;
«Менің денсаулығым- менің болашағым»Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтыСалауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. 
  •  Здоровье жағдайының
скринингіне;
  •  әлеуметтік мақсаттар мен рухани
қажеттіліктерге;
  •  теріс ықпалдарға қарсы тұрудың
тиімді тәсілдерін меңгеруге;
  •  табиғи қабілеттерді орынды
пайдалануға;
  • денсаулық сақтауға және нығайтуға,
қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа;
  •  өмірдегі жаңа жағдайларға
сабырлылық;
  • қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін
қамтамасыз етуге;
  •  денсаулық сақтау ортасын құруға
тілегі және даярлық білдіруі.
«Менің отбасым- менің тірегім»Рухани-адамгершілік тәрбиеҰлттық тәрбие
Отбасы тәрбиесі
Нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген     рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және  көзқарастарын қалыптастыру.
Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.  
Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. 
  •  Мораль мен этиканың көпшілік 
мақұлдаған нормаларына;
  •  өзінің қасиетіне, арына және 
парызына; 
  •  ішкі бостандығына және
адамгершілік шешім қабылдауына;
  • өзінің және өзге де халықтардың
мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына;
  • діни құндылықтарға;
  • ой, сөз және іс бірлігіне;
  • өзінің мінез-құлқын жетілдіруге;  
  •  ар-ұжданымен орындалған
қылықтарға;
  • түрлі мәдениет пен нанымның 
бірлігіне;
  • адамдарға риясыз қызмет етуіне;
  • өз ата-анасына, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру;
-     этникалық өзіндік санаға,
этникалық сәйкестікке;
  • мемлекеттік тілді және ана тілін 
меңгеруіне; 
  • өз халқының мәдени мұрасына; 
  • қазақ халқының және өз халқының
дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;
  • Қазақстанның этномәдениетіне;
  • этносаралық бейбітшілік пен 
келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту;
  • этноәлеуметтік рөлдерге;
  • өз отбасына және ұрпақты
жалғастыруға;
  • адамгершілік қағидаларын қолдау
арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау. 

 
Жоба-1. «Демократиялық қоғамға – патриоттар мен азаматтар»
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.  
Негізгі қорытындысы   оқушылардың өзіндік пікірінің қалыптасуы , мәдени қалыптасуы және құқықтық мәдениетінің қалыптасуы болып табылады.
Қаланың  әртүрлі мекемелері мен ұйымдарының  , мәдени және әлеуметтік мүмкіндігі іске асырудың шарты болып табылады.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында  ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлеріменкездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жобада төмендегідей жұмыстар орындалуы мүмкін:
  • Тәрбие бағыттырының жәрменкесі
  • Тақырыпқа сай әлеуметтік бейнекөріністер тізбегі
  •  «Мен және менің құқығым» жинағы
  •  Патриоттық клуб құру 
  • Тақырыптық кабинеттер жасау («Бірінші Президент кабинеті»)
  • «Портфелдер тренингі» әзірлемесі
  •  Конференции, симпозиумы, саммиты.
  • «Ұлттар достығы» фестивалдер
«Жол қауіпсіздігі» жол көлік оқиғаларының алдын алуға арналған  мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылатын қалалық сайыс
  • Жас өрт сөндіруші, жас жол қызметкері клубтарын ұйымдастыру
  • Алдын алу кеңесі
  • тағы басқалар 
Жоба-2. «Көшбасшылыққа – инновация арқылы»
Мақсаты:
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.  
Өмір бойы білім алуына, өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне, сыни тұрғыдан ойлау, талдау, және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне, зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне, пікірталас жүргізу дағдыларына, жасампаз қызметке; 
Топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға, Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;
Негізгі   нәтижелері білім алу әлеуеттін дамыту, білім беру бағдарламалары мен жобаларын насихаттау, т.б. әлеуметтік жауапкершілік пен балалар мен жас өспірімдердің  әлеуметтік іс әрекеттерге белсенділік қабілеттерін  дамыту. Тиімді ақпаратты талдау және пайдалану мүмкіндігін дамыту; жобалық іс-шаралар, инновацияларға қабілетті дағдыларын меңгерту; корпоративтік рухты нығайту, топта жұмыс талқылау дағдыларын дамыту
Іске асыру механизмдері
Интеллектуалдықойындар,конкурстар, тренингтер,викториналар,ғылыми-практикалық конференциялар,кәсіби мамандар және жеткіншектермен ғылыми ізденіс,ғылыми-танымдық, ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, хаттамалар, мектептік, студенттік медиа орталықтар,бұқаралық - ақпараттық құралдар,мектепішілік сайттар,кітапхана жұмыстарын жандандыру.
Психометриялық және социометриялық әдіс-тәсілдер, тестер, көшбасшылықты дамыту бағдарламасы.
Жобаның мүмкін болатын нәтижелері:
  • Тәрбиенің әртүрлі бағыттары бойынша оқушылардың интернет- жобаларын ұйымдастыру.
  • Жазғы туристік лагерь және кошбасшылар лагері.
  • Сайттарды құру.
  • Зерттеу жобалары.
  • Оқушылардың жетістіктері мен табыстарының жәрмеңкесі.
  • Еріктілер тобының дәстүрлі кездесуі (слет).
  • Жылдық қорытынды есеп (ақпараттық баяндамалар,МБМ).
  • Жаңашыл идеялар аукционы.
  • Мемлекеттік телеарна құру.
  • Мектеп тәлімгері - көшбасшылыққа және т.б.

Жоба-3. «Қазақстанды жастар құру керек! »
Мақсаты: тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуын,өзін-өзі жетілдіруге саналы қарым - қатынас қалыптастыру,экологиялық мәдениетін дамыту,білім беру ұйымдарында мәдениетті орта құруға ықпал ету,жалпы мәдени мінез - құлық дағдыларын қалыптастыру.Тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, жауапкершілікке тәрбиелеу,туған қаласының тарихы мен, экологиялық, мәдени мұраларына деген жауапкерші сезімін тәрбиелеу.
Жобаның негізгі нәтижелері:
Білім беру ұйымдарында көпмәдениеттілік ортаны құру,және тұлғаның эстетикалық нысандары өнерде және болмыста қабылдау,меңгеру және бағалау:
Жеке тұлғаның экономикалық ойлауы дамыған және кәсіби қалыптасуына саналы түрде қарауы, жеке өз басы үшін емес, қала және елі үшін қалыптастыру белсенді азаматтық ұстанымының қалыпты, қала табиғатын сақтауы,экологиялық білімі және мәдениетінің жоғары деңгейі.
Жобаның іске асу шарттары болып,тиімді және талабы жоғары әлеуметтік белсенділігі бар өскелең ұрпақты қалыптастыру,білім беру ұйымдары мен атқарушы және заң шығарушы үкіметпен мазмұнды байланыс, басқа ведомстволардың құрылымдарымен байланыс болып табылады.
Жүзеге асырудың құрылымы (механизмі).
Туған өлкеге экспедициялар, саяхаттық жорықтар, сенбіліктер ұйымдастыру, білім беру ұйымдарының аудан, қаланы көгалдандыру және көркейту, жасыл желектерді,ағаштарды отырғызу. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы аясында «Жасыл ел» қозғалысы, еріктілер қозғалысына экологиялық форумдарға, ғылыми-экологиялық жобаларға, табиғат аясын қоқыстан тазалауға қатысу.
Әр сабақта әсіресе технология сабақтарында еңбекке тәрбиелеу, қосымша білім беруде, сабақтан тыс, мектептен тыс іс- әрекеттерде, сенбіліктер ұйымдастыру, кәсіпорындарға саяхат жасау, жаңашыл адамдармен, табысты кәсіпкерлермен кездесу, кәсіби шеберлік сайыстары, студенттік, педагогикалық және құрылыс топтарының іс- әрекеттері. Технология пәнінің лабораториялары мен шеберханаларының материалдық техникалық базасын нығайту.
Жобаның мүмкін болатын нәтижелері:
  • «Менің қаламның ескерткіштері» атты өлкетану бойынша балалардың шығармашылық жұмыстарының жинағы.
  • Музей школын ашу.
  • Этнобұрыштар ұйымдастыру.
  • Балалардың әдебиеттік шығармашылық жұмыстарының альманахы.
  • «Мектеп ауласы - менің елім» жобалар сайысы.
  • «Ата-анамның кәсіпорындағы 10 күні» (фото көрме, презентациялар, сайысы).
  • «Ауылдағы 10 күндік» акциясы (фотокөрме, презентация сайысы).
  • «Мен және менің қалам», «Оқырман Қазақстан» (фотокөрме).
  • Еріктілер тобының орталығын ұйымдастыру.
  • Мектеп жылыжайларын, учаскелерін, түлектер аллеясын ұйымдастыру және қалпына келтіру.
  • Мектеп мұражайлар желісін дамыту.
  • «Білім-балалар көзімен» қызығушылықтары бойынша клубтарды ұйымдастыру.
  • Кәсіптік жоспар құру т.б.
Жоба-4. «Менің денсаулығым – менің болашағым»
Мақсаты:
Салауатты өмір салты,дене дамуы және психологиялық, денсаулық сақтау дағдыларын,денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңестік орнату.
Негізгі нәтижелері: оқушылардың жақсы денсаулық қажеттілігін өзектілеу, дене бітімін қалыптастыру, өмірдегі құндылықтарға жету, қоғамдағы өз орнын анықтау түрі, балалардың спорттық, дене шынықтырудағы табыстарының дамуы болып табылатын салауатты өмір салты күнтізбесін жасау,
Жүзеге асыру шарттары:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қаланың әлеуметтік, спорттық және мәдениеттік арттыруға тағы басқа ұйымдарды тарту.
Іске асыру механизмдері:
Сабақтар,жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын   кіріктіру , жастарда әр алуан мәдениеттер мен халықтардың бірлігін көру біліктілігін дамыту.
Дене тәрбиесі сабағы,оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» бағдарламасы аясында репродуктивтік денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік,темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық- ағарту курстар,семинар-тренингтер, денсаулық фестивальдері, спартакиадалар,қауіпсіздік бағдарлар өткізу, ақпараттық- диагностикалық материалдар дайындау және тарату, «Сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жобаның мүмкін болатын нәтижелері:
  • «Біз СПИД - ке қарсымыз!» қалалық акция.
  • Чемпиондар балы ( жеңімпаздар балы).
  • Спорттың топтық түрлері бойынша бұқаралық спорт жарыстары.
  • Кіші олимпиадалық ойындар.
  • «Тренинг портфелей» жоспары.
  • Конференциялар, семинарлар,              .
  • Әлеуметтік роликтер бейнеқоры-тақырыптық бейнежинақтар т.б.
Жоба-5. «Отбасы- менің негізгі тірегім»
Мақсаты:Отбасының және басқа әлеуметтік институттардың күшінің қосылуы, адамгершілікті тәрбиелеуде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның тәрбиелілігінің көрсеткіші: еңбекке және еңбек адамдарына құрмет, қарым-қатынас мәдениеті,сөйлеу мәдениеті, экологиялық мәдениеті, өз ісіне деген тұлғаның жауапкершілігі, сыртқы келбеті адамгершілік тәрбиесінің нәтижелігі.
Негізгі нәтижелері:
Ата-аналардың тәрбиелік қолдау бағдарламасын жүзеге асыру,ата-аналармен белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыру, ата-аналар клубтары, консультациялық орталықтары және т.б. ата-аналарға білім беру мен тәрбиелеу, отбасы тәрбиесінің жүйесін жетілдіру, «Бала - отбасы - мектеп» серіктестік байланысты жақсарту,мемлекеттік органдар әрекетінің заңдылығын бақылайтын институттарды дамыту, бала құқығының кепілдігін сақтау үшін жағдай жасау,отбасындағы зорлық - зомбылық тәрбиесіне қарсы іс-әрекет, оның ішінде педагогикалық көмек қызметінің іс- әрекеті болып табылады.
Іске асырудың негізгі шарттары:
Ата-аналар қоғамдастығының білім беру мекемелерінің басқармасына тарту (қамқоршылық кеңестер, ата - аналар комитеті, әкелер кеңесі т.б.) тәрбиелік бағдарламаларды жасау және оның сапасын бағалау, тәрбие жоспарлары мен жобаларды бірге отырып жүзеге асыру.
Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін - өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүріс-тұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысу,әкелер,әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс арқылы ата-аналардың психологиялық - педагогикалық жаппай оқу, мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық, аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру. Балалар мен жастардың білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізудің ұйымдастыру конкурстар, фестивальдар, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы», «Мәңгілік ел» бағдарламасы аясында акция өткізу.
Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кірістіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты «Өзін - өзі тану» адамгершілік - рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелдік рөлін күшейту, рухани - адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
Жобаның мүмкін болатын нәтижелері:
  • Кеңес беру орталығының жұмысын «Отбасын қолдау» кабиеттің жұмысын қолдау.
  • Қамқорына алушы ұйыммен өткізілген іс- шаралардың шығармашылық есебі.
  • Әкелер конференциясы.
  • Отбасы клубтарын ұйымдастыру.
  • Арт - фестивальдері.
  • Мектепте «Әкелер», «Аналар» кеңесін құру жұмысын ұйымдастыру.
  • Сынып оқушыларының отбасылық фото-альбомы.
  • Қала,облыс, республика көлемінде отбасылық тәрбиенің 
  • Іс- тәжірибесін тарату.
  • Бейнероликтер, ата-аналармен жұмыстың үздік түрлері альбомын, кітапшаларын шығару.
 Глоссарий
Жемқорлыққа қарсы мәдениеттік жемқорлықты ашық түрде жазғыруды көрсететін құндылықтар жүйесі,жемқорлыққа төзбестік көзқарасты, 
«Шыншыл және сатылмайтындық мінез-құлық ережесі» атты тұрақты азаматтық ұстанымды болжайды. 
Тәрбие - жеке тұлғаға мақсатты бағытталған үрдіс. Бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арнайы ұйымдастырылған, басшылыққа және бақылауға алынатын біріккен іс-әрекет, оның соңғы мақсаты қоғамға пайдалы, керекті тұлғаны қалыптастыру.
Азаматтық - патриоттық, құқықтық және көп мәдениетті тәрбие гуманизмге,қазақ халқының тілін, тарихы мен әдет-ғұрпын құрметтеуге және сүюге, оның озық дәстүрлерін сақтауға, дамытуға, Қазақстандағы басқа да халықтардың мәдениетін зерделеуге, қабылдауға және меңгеруге негізделген азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы, құқықтық және саяси мәдениетті, дамыған ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, әлеуметтік және діни толеранттылықты қалыптастыруы тиіс.Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында құқыққа қайшы көріністерге қарсы тұру даярлығын қалыптастыру зор маңызға ие болуда.
Рухани - адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - бұл уақыт өте келе өзгеріске ұшырамайтын және адамдардың белгілі бір шектеулі тобы (әлеуметтік топ,таптар, партия, мемлекет немесе мемлекеттердің коалициялары) үшін емес, барша адамзат үшін маңызды абсолюттік құндылықтар. Бұл құндылықтар халықтың барлығына тән, ішкі мәні терең және сыртқы моральдық ережелер емес,тура ішкі іс-тәжірибе нысаны ретінде қабылданады, яғни олардың негізінде адамның ар-намысы махаббат, шынайылық, жайлылық, парыз,күштемеу, қайырымдылық, рақымшылықты нақтылы түрде көрсетеді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар мәңі,тарихи тұрғыдан шектелмеген рухани табиғатқа ие, әлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, тұлғалық және басқа құндылықтар жүйесінің өзгермелі генварианты болып табылады, әр адамда және материалдық әлемде барынша қалыптасады. Олар барлық адамдар үшін эталон,үлгі болып саналады, оларды дамытуға педагогикалық процесс бағытталған.
Жоба - бұл нәтижеге бағытталған белгілі бір уақыт кезеңіне бекітілген және өтетін бір - бірімен байланысқан оқиғалар реттілігі.
Кәсіби -   шығармашылық тәрбие кәсіптік және тұлғалық маңызды негізгі құзыреттіліктерді (арнайы, бейіндік, коммуникативтік, әлеуметтік, зияткерлік, ақпараттық, дербес) және оның басқа түрлерін қалыптастыруды, білім алушыларды кәсіптік қауымдастықтың дәстүрлері мен құндылықтарына бейімдеуді, кәсіптік этика нормаларын ұстануды көздейді.
Діни секта - негізгі діни бағыттан бөлінген және қарсы тұратын діни топ.
Отбасылық тәрбиенің айқындаушы буыны адамгершілік, рухани және гуманистік құндылықтар тәрбиесі басым адамдар арасында эмоциялық және тиімді қарым-қатынастардың әлеуметтік - тарихи тәжірибесін табыстау болып табылады.
Балалар мен жастардың әлемдік және ұлттық мәдениеті, дәстүрлері мен барша қазақстандық қоғам қажеттіліктері негізінде құрылған жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануы алдыңғы кезекте тұрады.
Еңбек және экономикалық тәрбие балаларда,жасөспірімдер мен жастарда өзіне-өзі қызмет ету білігін және дағдысын, еңбек іс-әрекетінің әр түріне жауапты және шығармашылық қарым-қатынасын, ұжымда, топқа жұмыс істеу біліктілігін,адамның өз әрекетінің мәнін және салдарын дұрыс бағалап,қажетті ресурстарды пайдаланып, олардың шынайы әсерін күшейте отырып,белсенді және жауапкершілікпен әрекет етудің, яғни жаңа өндірісті және қоғамды құру біліктілігін қалыптастыруды көздейді.
Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында психикалық тұрақтылық пен кәсіби қызметінде тиімді қажеттерді қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру. Оның құрамдас бөлігіне профилақтикалық білім беру кіреді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерді, оның қызметінің ерекшеліктері, адамның дене, психикалық және рухани денсаулығының өзара байланысы туралы түсінік беретін ағарту жұмысында ғана емес, сол сияқты тәрбиеленушілерді түрлі спорт түрлеріне тікелей баулу арқылы да жүзеге асыруы тиіс.
Коммуникативтік мәдениет қалыптастыру мінез-құлық ұстанымдарын анықтайды,құндылықтар жүйесін, нормаларын көрсетеді және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсету үшін қарым-қатынас жасау, байланыстарды орнату,дамыту,өзара келісу, жалға қою және түзету еңгізуге көмектеседі.
Жеке тұлғаның өзін-өзі тану және өзі-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыруы. Өзін - өзі тану адамға қоршаған әлемді түсінуге және өзінің сондағы орнын сезінуге, өмірлік ұстанымын анқтауға, қоршаған әлемге көзқарасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан жүйелеуге көмектесуі тиіс. Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өзектендіруіне, оның қабілеттері мен әлеуметтік мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қажетті шарт болып табылады.Адам; сонымен өзін-өзі тануының нәтижесінде толысу сезімін, өмір қуанышын, оның мәнісін сезіне отырып тұлғалық өсу мен өзін-өзі жетілдіру қабілетіне ие болады.
Тұлғаның әлеуметтік - маңызды және жеке қасиеттерін, ерекшеліктерін қалыптастыру (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде мінез - құлықтың өз стилін, шығармашылығын және дербестігін дамытуды, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жылдам әрекет етуді,белсенді өмірлік ұстанымы болуын көздейді.
Экологиялық  тәрбие адамның бойында табиғатқа деген этикалық көзқарастардың және қарым-қатынас этикасының пайда болуын және қалыптасуын, табиғат ресурстарының жай-күйіне жеке жауапкершілік сезімі мен адамдардың олармен орынды әрекетін тәрбиелеуді көздейді. Экологиялық тәрбиенің негізгі, ең алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын сақтауды, елдегі экологиялық жағдай туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету болып табылады.
Эстетикалық тәрбие сұлулық,  көркем мәдениет, дәстүрлер мен халықтардың көркем құндылықтары, ұлттық және жалпыадамзаттық призма арқылы адамгершілік - рухани құндылықтар қалыптастыруды көздейді.Өнер құралдарының көмегімен дамудың қазіргі кезеңінде өзіндік санасы жаңа, анағұрлым жоғары деңгейлі, тұжырымдамалы  ойлауға, әлемді тұтас көре білуге, өзінің шығармашылық қызметінде ол туралы құндылықты түсініктерді іске асыруға, ұжымда өмір сүру білігіне, әлем мәдениетін және адамдармен қарым- қатынаста өзін көрсете білуге қабілетті адам қалыптастыру маңызды міндет болып табылады.