17
март
2023
Ұлыстың ұлы күні Март мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін, Ұлыстың ұлы күні Март мерекесін №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы жоғары жауапкершілікпен атап өтті. Отыз күн ойынын, қырық күн тойын жасаған қазақ халқы үшін кез келген мерекенің орны айрықша. Әсіресе, Март мейрамын кең көлемде атап өту дәстүрі жылдан-жылға қанатын жайып келеді. Мереке мектепішілік құрылған жоспар бойынша өткізілді. Мерекенің негізгі мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Март мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу.
