14
декабрь
2022
«Қантамырлар жүйесінің түрлері" ашық сабақ
Биология пәнінен 8 «В» сыныбында «Қантамырлар жүйесінің түрлері. Ашық және тұйық қанайналым жүйелері. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адамның қанайналым жүйесі» тақырыбында зум платформасында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері туралы мағлұмат алады, қанның тамырлар бойымен қозғалуын түсінеді, қанайналымның үлкен және кіші шеңберінің қозғалыс бағытын біледі, оларды ажырата алады. Өткен сабақты сұрау үшін «тарсия» әдісі қолданылды. Жаңа сабақ 4 топқа бөлінді. Тапсырмалар берілді. Топтық жұмыста 4секцияға бөлініп талдау жұмыстарын жасап оқушылар өз ойларын айтты. Топтар бірін бірі бағалады. Фукционалды сауаттылық тапсырмасында жүргізілді. Оның тапсырмасы А, Б, С деңгейінде құрылды. Сабақ соңында кері байлыныс берді. Сабақ мақсатына жетіп, сәтті өтті. Пән мұғалімі: Аканова Маржан Муратовна
