Оқушыларға » Страница 3 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС
09
январь
2025
ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС
ҰБТ алдында болатын қорқыныштың себептері : 1. Шамадан тыс жүктеменің болуы. 2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді. 3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы. 4. Ауру салдарынан болған әлсіздік. 5. Дәрменсіздік сезімі. 6. Өз біліміне күмәндану. 7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі) 8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы. 
«Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң
13
ноябрь
2024
«Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң
2024 жылдың 13 қарашасында №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып ата-аналарымен «Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң форматында жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және пәндер бойынша жетістіктері туралы ақпарат беру. Сондай-ақ, ата-аналармен кері байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын тыңдау. 
Қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындығы
30
октябрь
2024
Қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындығы
30 қазан күні 11-сынып оқушылары арасында қорытынды аттестаттау және ҰБТ дайындығы бойынша әкімшілік бақылау өтті. Бұл бақылау оқушылардың білім деңгейін анықтап, оларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау мақсатында ұйымдастырылды.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы
12
сентябрь
2024
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы
Халықаралық шарттар: Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын (1989 ж.) ратификациялады. Бұл құжатқа сәйкес: Балалардың өмір сүруге, денсаулық сақтауға, білім алуға және қорғалуға құқығы бар. Баланың пікірін ескеруге міндеттеме.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
10
сентябрь
2024
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы: 8-бап: Әр баланың тегін мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім алуға құқығы бар. 47-бап: Мектеп формасына қойылатын талаптар, оқушылардың құқықтары мен міндеттері. 49-бап: Ата-аналардың міндеттері мен жауапкершілігі.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы:
09
сентябрь
2024
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы: 1-бап: Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары. 3-бап: Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау міндеті. 5-бап: Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында әлеуметтік қызметтер көрсету.