ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?
Құрметті жас түлек! Сіз аттанғалы отырған ҰБТ деген майданға бізде барғанбыз… Сіз сияқты бізде күндіз-түні тестті ойлап, күн санап қобалжуымыз арта түсетін. Сізде де дәл осылай шығар? ҰБТ – ны ойша жақсы тапсырғаныңызды елестетіп жүзіңізге күлкі үйіріле бастағанда, өте алмай қалғаныңызды тағы елестете бастайсыз… Ойдың қиялында сыныптастарыңыздан жоғары нәтижеге қол жеткізсем деп те армандайсыз. Грант иегері атанып ауылдан қалаға баруды жоспарлайсыз.