«Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң
2024 жылдың 13 қарашасында №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып ата-аналарымен «Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң форматында жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және пәндер бойынша жетістіктері туралы ақпарат беру. Сондай-ақ, ата-аналармен кері байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын тыңдау.