“Үздік педагог” сайысы
30.04.25 күні өткен “Үздік педагог” сайысы – барша қауым үшін рухани серпіліс пен шабыттың қайнар көзіне айналды. Бұл сайыс ұстаздардың кәсіби шеберлігін, жаңашылдығын және шығармашылық әлеуетін айқын көрсетті.Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, озық әдіс-тәсілдерін ортаға салды.Әрбір мұғалім ерекше дайындықпен келіп, шәкірттеріне деген махаббатын сездірді. Сайыс барысында білім мен тәрбиенің маңызды құндылықтары насихатталды.