08
сентябрь
2021
«Тәлім» жас мамандар мектебінің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
«Тәлім» жас мамандар мектебінің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазіргі оқыту талабына сай педагогтарды дайындау.
Міндеттері:
Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазіргі оқыту талабына сай педагогтарды дайындау.
Міндеттері:
- Әрбір жас маманның педагогикалық шеберліктерін дамыта отырып,технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру.
- Жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру, олардың қазіргі қоғамдағы ролін арттыру, құзырлығын дамыту.
- Жас мамандарға жеке бас ерекшелігін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми –әдістемелік көмектер көрсету.
р/с | Өткізілетін іс- шара мазмұны | Мақсаты | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | Жас педагогтарға тәлімгерлерді тағайындау. Ұйымдастыру мәселелері, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру. | Педагогикалық қызмет және білім беру процесін ұйымдастырумен танысады | Тамыз | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.А.Алиева, координатор Г.Т.Конурбаева |
2 | Оқу-тәрбие үрдісіндегі нормативтік құжаттармен, әдістемелік нұсқаулықпен, оқушыларды оқытуда қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру. | Жас педагогтің мектеп құжаттарын сауатты жүргізуін қамтамасыз етеді | Қыркүйек | Координатор Г.Т.Конурбаева, тәлімгерлер |
3 | «Ұжымдық қарым-қатынас» психологиялық тренинг | Педагогикалық-психологиялық міндеттер мен проблемалық ситуацияларды шешу жолдарын үйренеді | Қыркүйек | Мектептің педагог-психологі |
4 | Сабақтың әдістемелік негіздері, оны өткізуге қойылатын талаптар. Сабақты өзіндік талдау. Тәлімгердің сабақтарына қатысу. №1 отырыс. Семинар «Сабақта құзыреттілік тәсілін іске асыру» | Сабақтарды сапалы өткізудің практикалық әдістері мен тәсілдерін меңгереді | Қазан | Координатор Г.Т.Конурбаева, тәлімгерлер |
5 | Заманауи білім беру технологиялары. Пән бойынша өткізілетін сыныптан тыс іс-шаралардың оқу үрдісіндегі орны мен маңызы. | Жас педагогтың кәсіби деңгейі артады | Қараша | Бірлестік жетекшілері, тәлімгерлер |
6 | № 2 отырыс. «Педагог имиджі-кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың шарты» атты дөңгелек үстел. | Жас педагогтың өзіне деген сенімділігі артады | Желтоқсан | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.А.Алиева, координатор Г.Т.Конурбаева |
7 | «Үздік жас маман-2022» жас педагогтар конкурсы. | Конкурсқа қатысу арқылы жас педагогтың құзыреттілігі артады | Қаңтар | Координатор Г.Т.Конурбаева, тәлімгерлер |
8 | Оқу мотивациясы жоғары және төмен білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру. | Білім алушыларды зерттеу қызметін ұйымдастыруда әдістемелік көмек алады. | Ақпан | М.Н.Ахметкалиева, тәлімгерлер |
9 | №3 отырыс. Оқыту-семинар «Білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен сандық ресурстарды пайдалану» | Жас маманның кәсіби деңгейі артады | Наурыз | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.А.Алиева, координатор Г.Т.Конурбаева |
10 | Жас маманмен тәлімгердің есебі. | Жылдық жұмыстың есебі тыңдалады. | Сәуір |