03
March
2025
Мотивацияны демеу үшін сәтті 5 қадам
Мотивацияны демеу үшін сәтті 5 қадам: – Қандай нәтижеге ие болатыныңды жарқын түрде елестет. Өз еңбегіңнің жемісін көз алдыңа елестет. Мотивацияң таусылған сайын немесе шаршаған сәттерде жемісіңді, жететін нәтижеңді ойла.
– Мақсатың физикалық тұрғыда өзіңмен бірге болуы керек. Демек, құлшынысыңды арттыратын, оған қараған сайын мақсатыңды есіңе түсіретін белгілі-бір зат болуы қажет.
– Жоспарларың мен мақсаттарыңды қағаз бетіне түсір. Орындалған жоспарларыңды түртіп отыр.
– Өз-өзіңе сөз бер. Аяғына дейін баратыныңа, тайсалмастан нәтижеге жететініңе уәде ет немесе жақындарыңа сөз бер.
– Еліктейтін тұлға болса, соған қарап бой түзеп, «Ол жеткен жетістікке мен де жетемін» деген ұранмен өмір сүр.
– Идеяластарыңды тап. Жақындарың немесе достарыңның арасынан сенің бастамаңа қолдау білді
Мотивацияны қайдан алады? Мотивация – белгілі бір мақсат үшін өзіңді ояту процесі. Адамдар өмір сүруге деген құлшынысты қоғамнан, қоршаған ортадан алады. Ал жұмысшы компаниялар мен ұйымдардан тұратын қоғам адамдарға тиісінше қажетті мотивация бөлігін бере алады ма? Кез келген компанияның өзінің мақсаттары бар. Сол сияқты адамның да өз мақсаттары мен жоспарлары болады. Сол мақсаттары аясында адам компанияға жұмысқа орналасады. Егер компания немесе ұйым басшылығы: «Жұмысшының не қалайтыны мені қызықтырMayды. Жұмыс істе, ұнаMay ма – сау бол!» деген қағида ұстанса, ол жақсы нәтиже бермейтіні анық. Себебі, ең соңында мұндай компания тек жұмысшы орындаушылармен ғана қалады. Ал егер әлгі компания керісінше: «Менің қызметкерлерім сондай мықты. Біз барлығымыз бір отбасымыз. Жұмысшыларымның көңілін қалдырMayын, сонда нәтиже де болады» деген қағидамен жұмыс істесе, нәтиже міндетті түрде болады. Жұмысшыларын да, компанияны да бір тізгінде ұстай алатын басшының қызметкермен жұмыс істеу тәсілі келесідей болмақ. «Сіз маған нәтиже бересіз. Мен сіздің жеке мақсаттарыңыздың орындалуын жүзеге асырамын» болуы тиіс. Осы орайда, қызметкерлер сапалы әрі жақсы жұмыс істеу үшін не істеу керек деген заңды сұрақ туындайды. Ол үшін жұмыс беруші басшы қызметкерлерден тікелей толық мүмкіндікпен жұмыс істеу үшін адамдарға не қажет екенін сұрау керек. Осы арқылы қызметкерге қандай жағдай қажет екенін білуге болады. Мәселен, Жапония менеджментінде жұмысшылар мотивациясы – кез келген компания үшін ең бірінші орында тұрады. Бір ерекшелігі, Жапония компаниялары жұмысқа тек университетті түлеп ұшқан белсенді студенттерді қабылдайды. Сонымен бірге, жұмысқа қабылдану барысында қызметкерлер компанияның өзіне қандай мүмкіндіктер, қандай жағдай жасайтынын біліп отырады. Себебі оларға компания менеджерлері барлығын түсіндіріп, егжей-тегжейлі нұсқаулар беріп, осы жұмысқа орналасу барысында қандай жетістіктерге жететінін алдын ала айтып түсіндіреді. Әрбір жұмысшының өзінің үстелінің қасында құлшынысты арттыратын, мотивацияны көтеретін жазбалар тұрады. Барлық жағдай қызметкерлер үшін жасалды. Себебі Жапон халқы еңбек өнімділігін арттырудың тәсілдерін біледі. Жанардағы отыңыз сөнбесін...
Осыдан біраз жыл бұрын АҚШ университеттерінің бірінде студенттердің бітіру кешіне белгілі бизнесменді сөз сөйлеу үшін шақырған. Сонда кездесуге екі сағат кешігіп келген бизнесмен мінберге шығып, сөз сөйлеудің орнына 3 минуттық сөз айтып, шығып кетіп қалған екен. Ұйымдастырушылар мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын түсінбей қалады. Бірнеше сағат бойы бітіруші түлектерге өзінің кеңестерін, ақылын айтады деп ойлаған олар, шын мәнінде, абдырап қалған. Сондағы бизнесменнің айтқан сөздері мынадай болған: «Сендер, түлектер, бүгін университет бітіріп қолдарыңа диплом алып жатырсыңдар. Сендер үшін барлығы тамаша. Әрқайсысыңның әке-шешелерің алып берген көліктерің бар. Дайын тұрған жұмыстарың бар. Еш уайымдарың жоқ. Бірақ мен сендерге шындықты айтқым келеді. Бұл жұмыс арқылы сендер бар болғаны жылына 100 мың доллар табуларың мүмкін. Ал мен үшін бұл ақша түк емес. Мен – бизнесменмін. Бүгін сендерге қарап ешбіріңнің көздеріңнен жанып тұрған отты көріп тұрған жоқпын. Ал жанардағы отсыз сендер – ешкім емессіңдер!» – деп кетіп қалған екен. Бірнеше жыл өтіп, бұл жағдай ұмытылған соң, әлгі университет басшылығы зерттеу жүргізіп көрмек болады. Университетті бітірген студенттердің қай легінің әлеуметтік жағдайы жоғары екенін салыстырмақшы болған. Нәтижесінде бітіру кешінде сөз сөйлеген студенттер ерекше өсім көрсеткен. Олардың мұндай көрсеткішке жетудегі себебін анықтау қиынға түседі. Осы уақыт аралығында ешқандай мұғалімдер мен ұстаздар ауыспағанын, университет жүйесінде ешбір өзгерістер болмағанын ескере отырып, сол жылы сөз сөйлеген әлгі бизнесменді еске алады. Сонда университет басшылығы шақырылған бизнесменнің 3 минуттық сөзі аталған студенттерге жақсы әсер еткенін түсінген. Сонда әлгі бизнесмен соншалықты не айтты дейсіз ғой? Ол – студенттердің жанарында от жақты. Жетістікке жету үшін көкірек пен жанардағы оттың болуының қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді. Шын мәнінде, жетістікке жетіп, мотивацияны жоғалтпау үшін жанардағы отты жаға білу керек және оны сөндіріп алмау қажет.