16
March
2019
Психолог деген кім және ол не үшін қажет?
Психолог пен психиатр дегеніміз бір адам. Бұлар жалған сөз – Шын мәнінде: Психиатр-дәрігер – ол есі ауысқан адамдарды (мысалы, шизофрения) емдеумен айналысатын маман. Сауықтыру барысында дәрілермен емдеу әдісін қолданады»
Психолог – өмірдің әр түрлі қиындықтарына (оқуда, отбасында, қарым-қатынаста, өмірлік жол таңдауда, өзін-өзі дамытуда туындаған мәселелер, жанжалдық жағдайларда және т.б.) тап болған ДЕНІ САУ адамдарға кеңес беруші маман. ПСИХОЛОГ – ДӘРІГЕР ЕМЕС, ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙ ДА БІР МӘЛІМЕТ БЕРМЕЙДІ ӘРІ ОЛ ЕМДЕМЕЙДІ.
Шын мәнінде: Психологқа өмірінен өзгеріс күтетін және дұрыс жол таңдау үшін келеді. Өміріңде қиындықтар туындағанда психолог әр кездед де жаныңнан табылады. Бұл адам кәсіби ақпараттарға ие, бірақ өмірде туындаған барлық сауалдарға жауабы жоқ, өйткені әр адам жеке бір тұлға. Сондықтан психолог тек қана бағыт-бағдар беруші, көмектесуші, ал соңғы шешімді өзің ғана қабылдайсың.
Шын мәнінде: Психологтың жұмысндағы негізгі ереже – ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ. Ешкім де сіздің келісіміңсіз психологқа қандай мәселемен жүгінгеніңізді, сөйлескен әңгімелеріңізді, тіптен психологтан көмек сұрағаныңызды білмейді. Колледжде өткізілетін психологиялық тестілеу қорытындысын тек қана психолог біледі. Сынып жетекшісіне тек қана жалпылама түрдегі мәліметтер (мысалы: топ оқушыларының 70%-ы тестті жоғары көрсеткіштермен орындады, 30%-ы орташа және т.б.) ұсынылады.
Туындаған мәселелер болатын болса психологтың көмегіне жүгіну керек Оқудағы қиындықтар. Кейбір оқушылар сабақты тиісінше онша жақсы оқыMayды. Оған сылтаулар өте көп. Мысалы, есте сақтау қабілеті төмен болуы немесе оқуға деген ынталылықтың жетіспеуі, мүмкін оқытушымен өзара келіспеушілік, бірақ бұның бәрі не үшін керек. Кеңес берген кезде біз басты себеп неде екендігін, оны қалай шешу керектігін анықтаймыз, яғни басқаша айтқанда сабақты жақсы оқуды дамытатын жағдайларды қарастырамыз. |
Ата-аналармен өзара қарым-қатынас. Кейбір уақытта біз өзімізге ең жақын адамдармен – ата-аналармен ортақ тіл табуды, жылы қарым-қатынасты жоғалтып алып жатамыз. Жанжалдар, түсіністіктің болмауы – балаларға да, ата-аналарға да әдетте ауыр тиеді. Кейбіреулері оның шешімін тауып жатса, басқаларына мұны жасау қиындыққа соғады. Психолог сізге ата-аналармен жаңадан қарым-қатынас құруға, оларды түсінуге тырысып, ата-аналар да сіздерді түсініп, қабылдауға шешім табатын жолдарды айтады.
Өмірлік жолды таңдау. Көбі өзінің болашақ мамандығы мен өздерінің өмір бойы қалай өмір сүретіндіктері туралы ойланады. Егер де сіз қандай жолмен жүруге сенімсіздік пайда болса, онда сіз әрқашан психологқа жүгінуіңізге болады. Ол сізге өз арманыңызды, мақсатыңызды сезінуге, өз қасиеттеріңізді бағалауға және өмірдің қандай да болмасын саласында осы армандарыңызды іске асыруға, оны түсінуге көмектеседі.
Өзін-өзі басқару және дамыту. Біздің өміріміз әрқилы әрі қызықты болғандықтан үнемі біз алдымызға бірнеше тапсырмалар қоямыз. Оның көбісі жеке қасиеттер мен дағдыларды, іскерліктерді дамытуға күш пен жігерді талап етеді. Өз өміріңе қожайын болуға үйренуге болады, ол үшін алдыңа дұрыс мақсат қойып оған жете білу қажет. Психолог дегеніміз – даму технологиясы мен сапаға, дағдылар мен іскерлікке ие және оны басқалармен бөлісетін адам.
Психолог қызметінің мақсаты:
Балаларды оқу үрдісінде, тәрбиелеу мен дамытуда консультатциялық және ақпараттық психологиялық көмек көрсету
Жұмыс бағыттары:
- Психологиялық диагностика
- Психологиялық коррекция (жеке және топтық дамытушылық жаттығулар)
- Психологтің кеңес беруі
- Психологиялық алдын алу (психолог – педагогтің іс-әрекеті оқушының психологиялық денсаулығын сақтауға, бекітуге және дамытуға бағытталған)
- Психологиялық ағартушылық (жұмыс формасы: лекция, әңгімелесу, керек әдебиеттер жинағы және т.б)
Жұмыс күні - 10.00 - 18.00.
Үзіліс–13.00-14.00.
Консультациялар кестесі
Оқушылар үшін консультациялар: Сейсенбі ( 9.00 - 18.00) және Жұма ( 9.00 - 18.00).
Teachers үшін консультациялар: Дүйсенбі (9.00 - 18.00 )
Ата-аналар үшін консультациялар- Бейсенбі ( 9.00 - 18.00).
Сәрсенбі - әдістемелік күн.
Педагог-психолог - Торсыкбаева Гүлназ Жұманқызы
Э/мекенжай: semey.sh16@mail.ru
Ұ/телефоны: +77757105836;
+87757105836(WhatsApp).