«Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі өтті. Көрменің мақсаты – оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, елін, жерін, Отанын, ана тілін сүюге баулу және патриоттық сезімдерін ояту. Көрмеде Қазақстан тарихы, мәдениеті, ұлы тұлғалары мен халықтың салт-дәстүрлері туралы кітаптар ұсынылды. Әрбір кітап оқушыларға туған жердің бай тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді. Бұл іс-шара оқушылардың өз елін мақтан