«Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » «Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң
13
November
2024

«Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң

2024 жылдың 13 қарашасында №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып ата-аналарымен «Ынтымақтастық: мектеп, мұғалім, ата-ана» тақырыбында ашық алаң форматында жиналыс өтті. Іс-шараның мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және пәндер бойынша жетістіктері туралы ақпарат беру. Сондай-ақ, ата-аналармен кері байланыс орнатып, олардың ұсыныстарын тыңдау. 
Ашық алаң форматы:
Жиналыс ерекше форматта – ашық алаң түрінде ұйымдастырылды. Әр пән мұғалімі өз орнында отырып, ата-аналарды жеке қабылдап, балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және сабаққа қатысуы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, пән мұғалімдері ата-аналарға houseтапсырмаларын орындау бойынша кеңестер және баланың білімін жақсартуға арналған ұсыныстар айтты.
Жиналыс барысы:
Кіріспе бөлімінде сынып жетекшілері ата-аналарды қарсы алып, жиналыстың мақсаты мен күн тәртібін түсіндірді.
Негізгі бөлімде ата-аналар мұғалімдермен жеке сұхбаттасып, өздерін мазалаған сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Қорытынды бөлімінде ата-аналар кері байланыс парақшаларын толтырып, мектеп жұмысына қатысты ұсыныстарын білдірді.
Нәтижесі:
Ата-аналар балаларының тәрбиесіне өздері белсенді ықпал ете алатынын және жаңа заманға сай білім беру тәсілдерінің маңыздылығын түсінді. Жиналыс барысында алынған кері байланыстар мектеп әкімшілігіне алдағы жұмыстарды жоспарлауға негіз болады.
Мектеп ұжымы ата-аналармен мұндай форматтағы кездесулердің маңызды екенін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив