10
февраль
2021
«АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» КЛУБЫНЫҢ РУХАНИ ОРТАЛЫҒЫ
Адамзат ойшылы, қазақ халқының данышпан ұлы Абай Құнанбайұлының әлем мен туған ел тағдырына алаңдауынан туындаған ұлы сезімдері мен асыл ойларын жастарымыздың рухани тәрбиесіне пайдалану мақсатында құрылған «Абай әлеміне саяхат» клубының жұмыс істей бастағанына бар болғаны екі-ақ жыл болса да біраз жетістіктерге қол жеткізді. Маңғыстау облысының барлық 134 мектебінде, Ш. Есенов атындағы технологиялар және инженеринг университетінде клуб құрылды. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті, Л. Гумилев атындағы Евразия университеттері де осы клубқа мүше. Қазір Маңғыстау облысының көптеген мектеп оқушылары Абай ойларын, Елбасы нақыл сөздерін үш тілде жатқа айта алатын болды. Әр клуб мүшесі клуб бағдарламасында келтірілген Абай ойларының біріне мектеп бітіргенше үш шығарма жазатын болады. Клуб мүшелерінің озық жазылған шығармаларынан «Абай деп соққан жүректер» атты жинақ шығарылып тұруды мақсат етеді. Осы жаңалықтарды хабарлау біздің клубымыздың бүгінгі қуанышы болса, болашаққа деген зор үміті. Клуб мақсаты – ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдылар үгітінен аман сақтау үшін, оларды Абай ойлары, Елбасы нақыл сөздері арқылы үнемі жас-басынан нәрлендіріп отыру!