20
November
2019
«АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» КЛУБЫНА 1 ЖЫЛ
2019 жылғы 20 қарашада Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте «Абай әлеміне саяхат» клубының бір жылдығына орай «Абай деп соққан жүректер» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қаланың барлық мектептерінің директордың тәрбие ісі орынбасарлары қатысты. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла...», Проектное обучение «Слова назидания» , как путеводная звезда в формировании личности человека, The three most important personality traits are will, reason and heart, REDX «Абай жолы» романының оқылуы тақырыбында өнегелі сабақтар өтті. Қалалық семинарға Абайдың әдеби-меморалдық музей көрмесі, Абай кітапханасы «Абай-дана, дара тұлға» тақырыбында көрме қойды. 136 оқушы Абай шығармаларына өздерінің ойтолғауларын жазды. Осы ойтолғаулар «Абай деп соққан жүректер» тақырыбында жинақ болып шықты. Қарашаның 10 күні 175 оқушы клуб мүшелігіне өтті. Абай әндерін шырқап, қара сөзері мен өлеңдерін жатқа оқыған оқушылар марапатталды. Осы клубтың үлгісінде басқа мектептерде де «Абай әлеміне саяхат» клубы ашылуы тиіс, бүгінгі күні қалада 27 клуб ашылған.
