ҚАШЫҚТАН САБАҚТАР » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
02
April
2020

ҚАШЫҚТАН САБАҚТАР

Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап ІV тоқсанды қашықтан оқуды бастады. Қашықтан оқытуда телеарналар, интернет-платформалар, электронды журналдар, пошта мен мессенджерлер пайдаланудамыз.  
Ministry of Education and Science мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға арналған нұсқаулықтар ұсынуда. 
          Күнделік электронды журналын қолданушыларының саны бұрынғыдан да артты. Осы жерде сынып жетекшілерінің еңбегін атап өтпеске болмас. Айгерім Жанатқызы сынып жетекшілік ететін 7ә сыныбы,  Раушан Маратқызының 6 г, Эльмира Мақсұтқызының 6а сыныптары электронды журнал арқылы пән мұғалімдерінің тапсырмаларын жүктеп оны орындап мұғалімнің жеке парағына салуды жүйелі жүргізіп келеді. Пән мұғалімдері сынып жетекшілерге алғыстарын айтуда.  
         Бастауыш сынып оқушылары алдымен Балапан телеарнасы ұсынған телесабақты көріп, тыңдап сосын өз пән мұғалімдерімен байланысқа шығып қосымша сұрақтарын қою арқылы кері байланыс жасайды. 
         Bilimland.kz қашықтықтан білім беру порталын бастауыш сынып мұғалімдері тиімді пайдаланып отыр. Оқушы өзінің құпия сөзі арқылы порталға кіріп, бейне жазбаны тыңдап, тапсырмаларды орындап, алған пайыздарын өз мұғалімдеріне жіберуде. 
Бұл жерде де мұғалімнің шеберлігін атап өтпеске болмас. Бастауыш сынып оқушыларының 80% осы порталмен жұмыс жасауда. 
         Білім беру платформалары күннен күнге жаңаруда. 
Әрбір мұғалім өзіне ыңғайлы білім беру платформасын пайдаланады. «Математика күрделі пәннің бірі болғандықтан тақырыпты онлайн режимінде түсіндіру тиімді деп ойлаймын», -дейді математика пәні мұғалімі Талғат Мейіржанұлы. Оқушы мен ата-ананың сұрауы бойынша 6-сыныпта математика сабағын  
Zoom бағдарламасымен жүргізуде. Әрине онлайн –конференция ұйымдастыруға арналған мұндай платформалар жеткілікті. Соның бірі JitsiMeet видео конференция ұйымдастыруға арналған мультиплатформа. Осы платформаның мүмкіндерімен Талғат Мейіржанұлы әріптестерімен конференция ұйымдастыру арқылы бөлісті.
         11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында осындай онлайн платформаларды қолдану өте тиімді.


     
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив