
«Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағатының өтілуі туралы ақпарат Сынып жетекшісі: Л.Т.Оспанова 21.08.2020 ж 6 «А» сыныбында «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» тақырыбында сынып сағаты болып өтті. Сынып жиналысына барлық оқушылар түгел қамтылды. Zoom платформасы арқылы оқушылармен тікелей сұхбаттаса отырып, жаңа оқу жылындағы өзгерістер талқыланды. Онда жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, қашықтан оқыту процесі қалай жүргізіледі, houseжағдайында оқу кезінде денсаулықты күту, күн режимін дұрыс ұйымдастыру, бағалау жүйесіндегі өзгешеліктер және интернетте жұмыс істеу қауіпсіздігі туралы айтылды. Осы мәселелерге қатысты слайдттар көрсетілді. Биылға оқу жылында жұмыс істейтін Онлайн-мектеп платформасының ерекшеліктері, жұмыс істеу тәртібі және қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» телеарнасында сабақтар көрсетілетіні түсіндірілді.Оқушылар өздеріне қызықты немесе түсініксіз мәселерді сұрап отырды. Оларға күн режимін дұрыс ұйымдастырып, уақытты дұрыс бөлудің маңыздылығы баса айтылды. Сол сияқты бала бойындағы үрей бар екені де байқалды. Оның барлығы уақытша екенін, қолда бар құралды дұрыс пайдаланып, жауапкершілікпен қараса, нәтижелі жұмыс болатыны туралы айтылып, мұғалімдердің өздеріне әрдайым көмекке келетіні ескертілді.
Сынып сағатының келесі бөлімінде оқушылардан өздерін толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сұрақ-жауап ретінде сұхбат өтті. Онда қашықтан оқу кезіндегі мектеп формасы туралы, қандай жаңа пәндер қосылғаны жайында сұрады. Қалыптастырушы бағалау қалай жүргізілетінін, бақылау жұмыстарын жазу кезінде академиялық адалдықты сақтау туралы біраз ақпараттар берілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер жөніндегі ақпарат қайталап қарап, оқып шығу мақсатында оқушыларға жіберілді.