15
January
2020
АБАЙТАНУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
2020 жылғы 15 қаңтарда Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Мектепте Абайтану курсын оқыту мәселелері" тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Абай музейінің директоры Ж.Әубәкір "Абайдың шығармашылығы және ақындық мектебі", Абай кітапханасының қызметкері О.Кайсина "Абай және кітапхана", Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының басшысы Л.Қадырова "Абай ұрпақтары" тақырыптарында құнды жәдігерлер бойынша ақпарат берді.
Ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар берілді. Семинар барысында «Абайтану» оқулығының авторы, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Әубәкір 9-сынып оқушыларымен кездесіп, Абай шығармаларын оқу мен түсіну турасындағы пікірімен бөлісті.
Семинарға қатысушы ұстаздар мен аталған мектептің оқушылары «Адамзаттың Абайы» көрмесін тамашалады, сондай-ақ музей қызметкерлерінің ұйымдастырған жылжымалы экскурсиясымен танысып, ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.