20
November
2019
«Абай деп соққан жүректер..» қалалық семинар
«АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» КЛУБЫНЫҢ МАҚСАТЫ–ұрпағымыздың рухани болмысын, отансүйгіштік санасын жат пиғылдылар үгітінен аман сақтау үшін оларды Абай сөздері, Елбасы ойлары арқылы үнемі нәрлендіріп отыру! Мақсатымыз – жастарымызға әлемде ашық жарияланбаған, бірақ адам санасы үшін дүниежүзілік таластың, дүниежүзілік бәсекенің жүріп жатқанын түсіндіру. Бұл- адам санасына билік ету үшін болып жатқан бәсеке.
Бұл-жастар санасына иелік ету мақсатындағы жасырын соғыс. Бұл-бәсекеде, бұл соғыста бейқам қалғандар ұлттық болмысынан айырылады, өз ұлты ішінде мәңгүрттер қатарын көбейтеді. «Мәңгүрт» деген кімдер деген сұраққа жауап іздесек, олар – ұлттық болмысын жоғалтқан, ұлттық намысынан айырылған адамдар. Осы игі бастаманы еліміздің барлық мектептеріне тарату.


