12
June
2019
Мектеп бітірушілердің аттестат алу кеші
12 маусым күні 2018 - 2019 оқу жылында мектеп қабырғасын аяқтаған мектеп түлектерінің аттестат алу салтанатты кеші өткізілді. Мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындап, сапалы білім,саналы тәрбие алған түлектерімізге аттестат тапсырылған кеш. Кеш барысында Семей қаласының білім бөлім басшысы Н.Фесенко «Алтын белгі» иегерлері Советхан Саянға Алғыс хатын, «Алтын белгі» төсбелгісі мен аттестат табыстады. Best аттестатқа ие болған түлектеріміз Д.Мукпенова, З.Жакупова, М.Каримханова, Ж.Ерсайынулы мектеп директоры Б.Курмангалиева аттестат тапсырып, болашақ қадамдарына сәттілік тіледі.Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте биылғы оқу жылын 38 түлек аяқтаса, 1 түлек «Алтын белгі», 4 түлек «Best аттестатқа» қол жеткізіп отыр. Түлектердің болашақ қадамдары сәтті болсын!
Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жас ұрпақты білім жолына салып, түзу жолдан тайдырMay, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Еркеліктен есейіп ел үмітін ақтаған, айдары алтынмен апталған бүгінгі түлектеріміз, бүгінгі кештің жарқын жұлдыздары десек қателеспейміз. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл - қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі.

