25
May
2019
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ – 2019
Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн. Тағы бір оқу жылы артта қалды. 11 жыл бойы білім теңізінен нәр алып, мектеп атты ұлы білім ордасынан тәлім-тәрбие алған әрбір түлек үшін бұл сәт – жаңа өмірдің бастамасы. Соңғы қоңырау үні – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған жастарды арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады. Биылғы жылы біздің мектептен 38 мектеп бітірушісі үшін соңғы қоңырау соғылды.
Дәстүр бойынша мерекеде ең жас мектеп оқушылары – бірінші сынып оқушылары өнер көрсетті. Олар мектеп бітірушілерді құттықтап және ересек өмірге шығарып салып тұрып, барлық емтихандарын сәтті тапсырып, өздері таңдаған жоғары оқу орындары мен колледждерге түсіңіздер деген тілектерін білдірді. Сондай-ақ түлектерді «Жас Ұлан», «Жас қыран» республикалық қозғалысының көшбасшылары, «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының белсенділері құттықтады. Мерекеге ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.
Мектеп түлектері, «Алтын белгі» белгісі және «Best аттестат» үміткерлері қаланың әуежай ауданында көшет отырғызуға белсене қатысты.