Семинар-практикум: «Білім мен зерттеу ұстаздық кәсіптің болашағы» » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak district
Reception room:
+7(7222)563478
bookkeeping:
+7(7222)568278
Version for
visually impaired
» » Семинар-практикум: «Білім мен зерттеу ұстаздық кәсіптің болашағы»
30
March
2019

Семинар-практикум: «Білім мен зерттеу ұстаздық кәсіптің болашағы»

Семинар-практикум: «Білім мен зерттеу ұстаздық кәсіптің болашағы» 
«Білім мен ғылымды көбейтуге адамның ішінде екі қару бар дейді: бірі ойласу, пікір алмасу, екіншісі: білімді сақтау, қорғау қылу» Абай
Күні: 15.03.2019
Өткізген: Қ.Б.Қ
Мақсаты: тәжірибе кезеңіндегі жүргізілген жұмыстардың қорытындысын шығару.
Күтілетін нәтиже: тәжірибе кезеңінде жүргізілген жұмыстар қорытындыланып, нақтыланады.
Қолданылған ресурстар: МАН, интербелсенді тақта, маркер, ватман, слайд.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, блум таксаномиясы, СWOT талдау, «Т» кестесі, «+», «-» әдісі; 
Ұйымдастыру кезеңі: мұғалімдер команда бойынша төрт топқа бөлінді, топ көшбасшылар сайланды, спикерлер тағайындалды.
Барысы: Топқа сегіз сұрақтан тұратын тапсырма берілді. Топта талқыланып, өз ойларын постерге түсіріп, спикер қорғады. 
Feedback
1.LS барысында мен үшін тиімділігі...
2. Бірлесіп сабақ жоспарлауға көмегі  болды / болған жоқ...
3.Қалыптастырушы бағалаудың мен білмейтін әдіс-тәсілдерді меңгердім/ меңгерген жоқпын...
4. Бірлесіп жоспарлау мен үшін тиімді/ тиімсіз, себебі...
5.Зерттелген сыныпта оң өзгеріс болғаны байқалады/ аса байқалған жоқ
6.Зерттеу сабақтарында кездескен кедергілер .....
7. Келесі тағы бір сыныпқа зерттеу сабағын жүргізу қажет деп есептеймін/ қажет емес (нақты себебін жазыңыз) .......
8. Келесі оқу жылының оқу жоспарына қосар өзгерісім .......
І топ.  Атқарылған жұмыстарға СWOT талдау жасады;
ІІ топ. «+», «-» әдісі бойынша атқарылған жұмыстарды талдады.
ІІІ топ. Атқарылған жұмыстарды Блум таксаномиясы арқылы көрсетті.
ІV топ.  Шиыршық әдісі арқылы жұмыстарды  талдады. 
Қорытынды Мектеп директоры  төрт топтың жұмысына кері байланыс бере отырып, атқарылған жұмыстарға баға берді. Мектептегі тәжірибе кезеңінде жеткен жетістіктерге жеке-жеке тоқтала келе, алдағы уақытта жіберілген кемшіліктерді де жою жолдарын қарастырды.