Schoolchildren кеңестер
Қысқа психологиялық мінездеме. Енжар балалар дегеніміз өте тез шаршайтын, әлсірейтін балдалар. Олар тез шаршайды, жұмыс екпіні баяу болып, қатері көбейе бастайды. Шаршағандық – көбінесе жоғарғы нерв жүйесімен байланысты, сондықтан табиғи жүйкелік шаршау басым.
UNT – да кездесетін қиындықтар. UNT – да ұзақ уақытты (3 сағ), жоғарғы жұмыс қабілеті қажет етеді.Енжар балаларда жұмыс істеу сапасы төмендеуі мүмкін, шаршағандық пайда болады.
Дайындық тәсілі. Жұмыс барысында енжар балаларға: «Басқа балалар күні – түні сабақ оқиды, ал сен болсаң тез шаршайсың», - деуге болMayды. Өйткені бұл балалардың жеке ерекшелігі осындай. Дайындық кезінде балаларға көп демалыс беру керек, ұйықтау қажет, далада серуенге шығу керек.
Гипертимді (жылдам) балалар
Қысқа психологиялық мінездеме.Бұл балалар өте тез, белсенді, жігерлі болады. Жұмысты тез орындайды, ашуланшақ балалар. Тапсыоманы тез орындайды , бірақ көп қате, ұқыпсыз орындайды және оны түзетпейді.
UNT– да кездесетін қиындықтар. UNT – да ұқыпты, зейінді, жинақы болуды талап етеді. Ал гипертимді балаларда бұл қасиеттер жоқ, сондықтан олардың әлсіз жақтары осы.
Дайындық тәсілі.
Бұл балаларға өзін - өзі бақылау, тексеру функциясын үйрету қажет, тапрысманы орындағаннанкейін, оны тексеру, қателерін табуды қаажет ету керек. UNT маңызды екенін түсіндіру қажет. Өмірдегі ең маңызды шешуші кезең екенін түсіндіру артық емес.
Баяу қабылдайтын балалар. Қысқа психологиялық мінездеме. Бұл балалар өте баяу қимылдайды, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу өте қиын болады. Оларды асықтырсаң, олардың жұмыс істьеу әрекеті төмендейді.
UNT – да кездесетін қиындықтар. UNT тез жинақы болуды талап етеді; бір тапсырмадан екінші тапсырмаға көшуді тез орындауы керек.
Дайындық тәсілі.
Дайындық кезінде бұл балаларға тапсырма беріліп : «саған 5 есеп шығару үшін 1 сағат,яғни әр есепке 12 минут қана беріледі» деген тапсырмалар оқушылардың бір жұмыстан екінші жұмысқа тез ауысуын үйретеді.
Аудиалдар мен кинестиктер.
Қысқа психологиялық мінездеме. Қоршаған ортаны адам: есту, көру, сезу түйсіктері арқылы қабылдайды. Әрбір адамда осы үш қасеттің біреуі жақсы дамиды.
UNT – да кездесетін қиындықтар. UNT – визуалды (көріп, есте сақтау қасеті бар) балаларға жеңіл болады, ал аудиалдар мен кинестиктер біраз қиналуына тура келеді.