08
февраль
2023
«Ақын, туған күніңмен» атты әдеби-сазды кеш
Абай облысы Семей қаласындағы №16 жалпы орта білім беретін мектепте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Ақын, туған күніңмен» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Бүгінгі өткен кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай отырып, сезімге бой алдырсақ, ақын туралы видеосюжеттерден ақынмен тілдескендей кhouseкештік десем артық айтпағаным. Ұйымдастырған директордың тәрбие ісі орынбасары М.Д.Ажгожина және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің зерттеуші ұстазы Р.Қ.Жұмабекова Шәкәрім атындағы университеттің студенттеріне де алғысымыз шексіз.
