09
December
2022
«Жаратылыс сыры-ғылымда» онкүндігі
Жаратылыстану пәндері бірлестігінің «Жаратылыс сыры-ғылымда» онкүндігінің аясында 8 қараша күні көркем еңбек пәнінен 5 «В» сынып оқушыларына ашық сабақ өтті. «Көркемдік кестемен бұйымды безендіру. Жіппен жұмыс. Изонить» тақырыбы бойынша сабақ өткізген Арайгүл Серікқалиқызы жұмыс барысында жаңартылған әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланды. Қауіпсіздік ережесі толықтай сақталып, оқушылар күрделі тігіс түрлерімен танысты. Нобайларын сызып, бой сергітіп алғаннан кейін, кестелеуді бастады. Сабақ соңында білім алушылар орындаған жұмыстарын көрсетіп, кері байланыс жасады. Сондай-ақ, изонить материалынан жасалған бұйымдардан құралған көрмені де оқушылар тамашалады. Өте тартысты әрі қызықты өткен ашық сабақ өз мақсатына жетті.
