14
December
2022
«Кальций қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ
11.12.2022 ж Химия пәнінен 9 «А» сыныбында «Кальций қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Өткен сабақты сұрау үшін «Pliсkers» программасында жасалған тест алынды.Жаңа сабақта оқушылар топқа бөлініп,сабақ мазмұнымен танысып, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Әр топтан спикер шығып, жауаптарын айтты. Сабақты бекітуде Тарсия әдісі қолданылды.Топбасшысы әр топ мүшесін бағалады. Оқушылар сабақ соңында ұнағаны,үйренгені,білгісі келетіні,т.б кері байлыныстарын берді. Пән мұғалімі: Кәмелбекқызы Гүлдар
