Мектеп кітапханасының жүргізген жұмыстарының есебі
Мектеп кітапханасының жүргізген жұмыстарының есебі
Өзекті тақырып: Табысты нәтиже үшін оқыту мен тәрбиелеу негізінде жаңа ақпаратты пайдалану арқылы субьектінің (оқушы) шығармашылық белсенділігін және ақпараттық мәдениетін жетілдіру.
Мақсаты:
1.Білім мен тәрбие үрдісінде ақпараттық, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, жетілдіру;
2.Оқушылардың оқу-коммуникативтік және оқу-ақпараттық біліктері мен дағдыларын дамыту.
3.Кітап оқуға деген жауапкершілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу арқылы, кітап оқу мәдениетін насихаттау.
2021-2022 оқу жылында мектеп кітапханасы заманауи жабдықтармен жабдықталып жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кішкентай оқырмандарға арналған зона, Оқу залы Абонемент орны болып зоналарға бөлінді. Биылғы оқу жылында 230 дана балаларға арналған ертегілер және көркем әдебиет кітаптары келіп түсті.
Мектеп кітапханасында көптеген іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіліп келеді. «Ата заңым айбыным!», «Ана тілі-асыл мұра» тақырыбында кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрме кітаптармен, мерзімді басылымдармен толықтырылып отырады.
Қыркүйек айында бастауыш сыныптар арасында «Кітап және кітапхана» тақырыбында 1 сынып оқушылары арасында кітапханаға саяхаты болып оқушыларды жаңадан келген кітаптармен және де кітапхана ережесімен таныстырдық.
«Ертегілер еліне саяхат» атты ертегілерді оқуға шақырамыз. Оқыған ертегілерінде кейіпкерлер туралы мазмұнын айтып отырады. Бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты.
«Кітап-асыл қазына» тақырыбында «READx» жобасы 8-9 сыныптар арасында өткізілді. 8 «Г» Қайратова Жамиля Ақселеу Сейдімбек «Аққыз»повесін, 8 «Г» Бексұлтан Әсет Сәуле Досжан «Біртуар» Жақсылық Үшкемпіров туралы деректі роман 9 «Ә» Қалибеков Ерасыл Оралхан Бөкей «Табиғат-өмір-адам» шығармаларын оқыды.Оқыған кітаптарынан үзінді келтіру арқылы, оқырмандарының сол кітапты тауып оқуына қызығушылықтарын оятты. Отбасымызбен кітап оқимыз. «Оқушы бенефисі» бастауыш сыныптар арасында өткізілді. Отбасымен оқыған кітаптары туралы талқылап, қысқаша мазмұнын айтып берді.
«Кел,бірге оқиық» 20 минуттық оқу жобасы. 1-11 сынып оқушылары өздерінің оқыған әдеби шығармаларынан,қысқаша талдап айтып отырады. Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығына арналған қалалық «READx» онлайн оқырмандар сайысы болып мектебімізден 10 «Ә» сынып оқушысы Қабдылхан Зәуре, Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін оқып III орын иегері болды.10 «А» сынып оқушысы Алмасқызы Айзере, Ж.Аймауытовтың «Елес» әңгімесін оқып «Зерделі оқырман» аталымы бойынша мараппатталды.
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жылдық мерей тойына арналған танымдық сабақ өтті.Танымдық сабаққа 1 «А»,1 «Ә»сынып оқушылары белсене қатысып Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Оқушыларға «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыс. 5-11 сынып оқушылары қазақша,орысша оқыған кітаптары туралы мазмұндап айтып отырды.
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне «Ел таңдаған-Елбасы» тақырыбында 1-9 сыныптарға кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты әдеби кеш өткізілді.Кешке мектебіміздің 5 «Ә», 6 «Ә», 6 «В» сынып оқушылары қатысып еліміздің тарихи кезеңдеріне шолу жасай отырып патриоттық әндер,өлеңдер жатқа айтылды. «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты көрме қойылып,оған библиографиялық шолу жасалды.
1-4 сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 1 «Б» сынып оқушысы Еркебұланқызы Аймереке бас жүлде, 1 «Б» Мақсат Айзере, 2 «А» Тұрымтай Әділжан, 2 «В» Тайланов Нұрислам I- орын алса, 2 «Б» Отан Аделя, 3 «Г» Мырзакаримова Жадыра, 4 «А» Ринат Жанель, 4 «Б» Айтқали Әлихан II- орын алды, 2 «А» Ақаш Саят, 3 «Ә» Тоқан Аружан, 4 «В» Тұрлыбеков Алихан III-орын алып мақтау қағаздарымен марапатталды.Сайысқа белсене қатысқан оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
«Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!» атты бірыңғай кітап оқу күні 2-11 сыныптар арасында өткізілді.Оқушылар роман, повесть,әңгіменің кез келген бетін ашып, дауыстап оқыды.
Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітапханаға-кітап сыйла» акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: мектеп кітапханасы қорын заманауи басылымдармен толықтыру. Мектеп, ата-ана,оқушымен бірлесе отырып, оқушыларды рухани адамгершілікке баулу.Ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын молайту.
Іс шараға мектебіміздің 1-10 сынып оқушылары белсенділік танытып, ата-аналар өздерінің оқыған жаңа кітаптарын сыйға тартты. Мектепке сыйға тартылған кітаптарды алып оқуға ұсынылды.
Мектеп кітапханасында «Оқы және өзгеге ұсын!» тақырыбында «Буккроссинг» кітап алмастыру шарасы үздіксіз ұйымдастырылып отырады.
Ауған соғысының аяқталуына 33 толуына орай Ауған соғысының ардагері Сыздықов Ғажайып Төлеусейітұлымен «Ауғанның отты жылдары» атты кездесу өткізілді.
2 сәуір халықаралық балалар кітабы күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында «Кітап-ғажайып әлем» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізіліп, оқушылар кітап туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер,жұмбақтар айтылып, оқыған қызықты ертегілері туралы қысқаша мазмұндап берді.
1-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Кітапхана-ашық әлем» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. «Бірге кітап оқиық» шеберлік оқу сағаты өткізілсе, «Даналық әліппесі» жаңашыл технологиямен шығарылған кітаптарға шолу жасалды.
Кітапхана меңгерушісі Пизулиқызы Айгүл «Мектеп кітапханасының үздік жобасы» конкурсының қалалық кезеңіне қатысып II орын иегері болды.
«Кітап-білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып,олардың рухани дүниесін молайтуда тағылымы мол.
Сонымен қатар мектеп кітапханашылары оқырмандармен бірлесе отырып, көптеген көпшілік іс-шаралар өткіземіз. Ондағы мақсатымыз оқушыларды жан-жақты білім алуға, шығармашылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
Кітап әлемі арман биігіне самғатады, ақыл-ой сұлулық әлемін шарлатады, білім, ғылым жолына жетелейді. Жақсы кітап оқу жақсы адаммен сырласқанмен бірдей деп айтқандай, алдағы оқы жылында оқырмандар саның көбейтіп, жас жеткіншектердің көзі ашық,көкірегі ояу,заманның ұлы тұлғасы болуына жеткізу.