Ақпарат » Страница 49 » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттар комиссиясына құжаттар
21
сентябрь
2023
Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттар комиссиясына құжаттар
Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттар комиссияға келесі құжаттарды ұсынады «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 355 бұйрығына № 2 қосымша) негізінде  №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі"КММ  «Семей қаласының білім бөлімі» ММ қамқоршылық кеңес мүшелерін сайлау туралы хабарлайды. Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттар комиссияға
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
20
сентябрь
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Киокушинкай Кан каратэ облыстық жарысында мектебіміздің 3 "Б" сынып оқушысы Мейрамханов Айбек 1 орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Айбек, жеңісің құтты болсын! 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
19
сентябрь
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Семейде 2013 және 2014 жылғы балалардан құралған командалар арасында қалалық ашық турнирі өтті. 🏟️ Абай облысының футбол федерациясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылған турнир 4 ай уақытқа созылды. Аталған біріншілік Freedom Broker қолдауымен дайындаған алаңда өтті. ⚽️ Марапаттау рәсіміне 10 команда, соның ішінде “Елімай” және жеке футбол мектептері қатысты. 🥇Турнир қорытындысы бойынша әр жас санатындағы жеңімпаздар аталды, сондай-ақ жарыстың үздік ойыншылары құнды сыйлықтармен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
18
сентябрь
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Облыстық іріктеу турнирі кио кушинкай каратэдан 3 "А" сынып оқушылары 2 орынды Мурзанбек Арсен,3 орынды Кокежанов Жігер иеленді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
15
сентябрь
2023
Құқық бұзушылықтың алдын алу
15.09.2023 күні мектеп инспекторы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-11 сынып оқушыларына лекция жүргізді
Тегін тамақтану мектеп асханасында ұйымдастырылуда
14
сентябрь
2023
Тегін тамақтану мектеп асханасында ұйымдастырылуда
2023-2024 оқу жылында 1-4 бастауыш сынып оқушылары мемелекет тарапынан тегін тамақтану мектеп асханасында ұйымдастырылуда.  №16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ арнайы жасалған ас мәзірі негізінде жүзеге асырылып, мектебімізде екі ауысымда 1-4 сынып 419 оқушы тамақтануда. Тамақтану жүйесін ұйымдастырудың басым бағыттары: - оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету; - тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - тамақтану сапасын, калориялылығын және теңгерімділігін бақылау; - ауыз
Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу
11
сентябрь
2023
Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу
Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу 11 - қыркүйек күні, сағат 08:15-те мектебімізде (ТЖ) Төтенше Жағдайлар жаттығуларын өткізу жоспарына сәйкес, барлық оқушылар, ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің қатысуымен сейсмикалық жаттығулар өткізілді.  
"Төрт тоқсан-төрт өнер" бойынша "Ақындар айтысы"  шеберлік сыныбы
11
сентябрь
2023
"Төрт тоқсан-төрт өнер" бойынша "Ақындар айтысы" шеберлік сыныбы
Ұлттық мәдени- ағартушылық жобаның негізінде 11.09-24.10.2023 жыл аралығында өткізілетін "Төрт тоқсан-төрт өнер" бойынша "Ақындар айтысы"  шеберлік сыныбы өткізілді.  Ақындар сайысын талқылауға,  пікір алмасу кешіне қаламыздың жас ақындары Азамат Серікұлы, Ділназ Ғалымбек, Жасұлан Мақаев мектебіміздің оқушыларына айтыс туралы айтып,  ақын болудың сырларымен бөлісті.  #1тоқсан #ақындарайтысы
Сенбілік жұмыстары
09
сентябрь
2023
Сенбілік жұмыстары
Мектеп ұстаздары сенбілік жұмыстарын жүргізді. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген ұранды алға тартып, ұстаздар мектеп аумағында сенбілік жұмыстарын жүргізіп бастады. Сенбіліктің басты мақсаты - экологиялық мәдениетті сақтай отырып, мектеп аумағына тазалық жұмыстарын жасау. Мектеп ауласында  тазалау жұмыстары жасалды. 
Футбол алаңының ашылу салтанаты
08
сентябрь
2023
Футбол алаңының ашылу салтанаты
"Тоғыз айға 9 іс-шара" тұжырымдамасы негізінде "Сергіту сәті" тақырыбы бойынша мектебімізде челлендж  өткізілді.  Шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілетін қалпына келтіру,дене бітімі бұзылудың алдын алу мақсатында оқушыларымыздың көптен күткен футбол алаңының ашылу салтанаты өтті. Футбол алаңының ашылу салтанатының лентасын қию Абай облысы " Дарын" орталығының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының өлкетану, туризм және спортты дамыту бөлімінің басшысы Мурсалимов  Рафаэль