02
март
2022
"Дауыстап бірге оқимыз" атты акция
№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне орай "Дауыстап бірге оқимыз" атты акция өткізілді. Акцияға 2,3,5,9 сынып оқушылары және мұғалімдер белсене қатысты.
Мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру; көркем әдебиет үлгілерін насихаттау; өскелең ұрпақтың назарын кітап пен оқуға аудару. Оқушылар роман, повесть, әңгіменің кез келген бетін ашып, үзіндіні дауыстап оқыды.