Тұрсынай Әшірбайқызы атындағы республикалық мәнерлеп оқу сайысы » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұрсынай Әшірбайқызы атындағы республикалық мәнерлеп оқу сайысы
11
февраль
2022

Тұрсынай Әшірбайқызы атындағы республикалық мәнерлеп оқу сайысы

Шәкәрім университеті, Қалалық білім бөлімі, №16 Т.Аманов атындағы мектеп бірігіп мектеп оқушылары арасында Тұрсынай Әшірбайқызы атындағы республикалық мәнерлеп оқу  сайысын ұйымдастырды.

Тұрсынай Әшірбайқызы Ұлтжанды ұстаз, әдебиет пен өнердің киесін, поэзияның құдіретін, сөздің қадірін білген, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен тәліміне арнаған жан. Жүз жылдық тарихы  бар, қара шаңырақ №16 Т.Аманов атындағы мектепте ұзақ жылдар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 

Ұстаздық ғұмырында өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастырған кемел тұлға, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің майталманы, ұлтжанды ұстаз, Аягөз өңіріндегі Таңсық жерінің тумасы - Тұрсынай Әшірбайқызы. Ерекше дарынды, дариға жүрек иесі ұлттық құндылық, салт-дәстүр, поэзия туралы сөз болғанда алдына жан салмайтын, білімі ұшан-теңіз, ақылы дария ұстаз еді. Қоғамдағы келеңсіздікке бей-жай қарамайтын, қарлығаштай шырылдап, қазақ тілі мен әдебиетіне адал қызмет еткен жан.

Тұрсынай Әшірбайқызы табиғатынан ұстаз, табиғатынан әдебиетші, поэзия десе ішкен асын жерге қоятын, өлең оқығанды жаны сүйетін ұстаз еді. Қазақ поэзиясының біртуар талантты, мұзбалақ ақындары Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова өлеңдерін әр кез шабыттана оқитын. 

Тұрсынай Әшірбайқызының ұстаздық жолдағы жетістігін Шәкәрім университеті профессор  - Тоқсанбаева Айман Омарханқызы және Ә.Бөкейханов университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ақманова Ғалия Рахметоллақызы баяндаса, №16 Т.Аманов атындағы мектептің директоры Құрманғалиева Бақытгүл Қадылбекқызы Тұрсынай Әшірбайқызының шәкіртері әрі сабақ берудегі шеберлігінен сыр шертті. Тұрсынай Әшірбайқызының сіңілісі Динара Асқарбекқызы туыс арасындағы үлгі болар ерекшелігін тілге тиек етті.

         Конкурста   76 жұмыс қаралып,  15 жүлдегер анықталды. Бас жүлде -Сарқытқанұлы Бекнұр Семей қаласы №16 Т.Аманов атындағы мектептің 9-сынып оқушысы иеленсе, 1 орын-Серикказиева Айзере ШҚО Аягөз қаласы, №5 мектептің оқушысы ие болды.

Ұстаз жолы мәңгілікке тот баспайтын жарқын жол.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив