15
июнь
2021
«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар Республикалық форумы
Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында 2021 жылдың 9-10 маусымы аралығында қашықтықтан «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумы өткізілді. Шығыс Қазақстан облысының атынан облыстық, аудандық және мектепішілік форумдарының жеңімпаздары - мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің 10 оқушысы қатысты. Форум қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпыкомандалық 1 орынға ие болды.
Номинациялар бойынша жүлделі орындарды келесі оқушылар иеленді: Амирсоветова Дильназ – «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша 1 орын, Бородулиха ауданы, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ-нің 8 сынып оқушысы; Оразов Мерей – «Туған өлке тарихы» номинациясы бойынша 2 орын, Семей қаласы, «№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы; Оразғалиева Арайлым – «Жасыл экономика» номинациясы бойынша 2 орын, Аягөз ауданы, «№ 1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы; Бекенов Таир – «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша 2 орын, Жарма ауданы, «П. Г. Карелин атындағы орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы; Амангалиева Жанеля – «Жеңіс мамыры» номинациясы бойынша 3 орын, Шемонаиха ауданы, «Өнер мектебі» КМҚК-ның 10 сынып оқушысы. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!
___________
9-10 июня 2021 года в целях приобщения обучающихся к природоохранной деятельности, воспитания экологической культуры и экологически ориентированного отношения к природе родного края в дистанционном формате прошел Республиканский форум юных краеведов, экологов и натуралистов «Табиғатты аяла». Восточно-Казахстанскую область представляли 10 обучающихся внешкольных организаций дополнительного образования и общеобразовательных школ - победители областного, районного и школьного форумов. По итогам форума команда Восточно-Казахстанской области заняла 1 общекомандное место. Призовые места по номинациям завоевали:
Амирсоветова Дильназ, учащаяся 8 класса, КГУ «Школа-лицей п. Жезкент», Бородулихинский район – 1 место в номинации «Здоровье и окружающая среда»;
Оразов Мерей, учащийся 11 класса, КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 16 имени Толеубая Аманова», г. Семей – 2 место в номинации «История родного края»;
Оразғалиева Арайлым, учащаяся 10 класса, КГУ «Общеобразовательная средняя школа № 1», Аягозский район – 2 место в номинации «Зеленая экономика»;
Бекенов Таир, учащийся 8 класса, КГУ «Средняя школа имени П. Г. Карелина», Жарминский район – 2 место в номинации «Зеленые оазисы»; Амангалиева Жанеля, учащаяся 10 класса, КГКП «Школа искусств», Шемонаихинский район – 3 место в номинации «Победный май». Поздравляем победителей! Желаем творческих успехов всем участникам