01
апрель
2021
ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ
Ғылыми-техникалық шығармашылық бойынша робот техникасы, бағдарламалау, техникалық моделдеу көрмесі Семей өңірінің оқушылары арасында 5 жыл бойы өткізіліп келеді. Көрме оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын насихаттау, зерттеу және рационализаторлық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық әлеуеті бар жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс ұйымдардың, дарынды балалардың үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және насихаттау мақсатында өткізіледі.Биылғы жылы карантиндік шараларға байланысты көрме онлайн режимінде өтті.
Көрмеге 150-тан астам оқушы қатысып, 140 байқау жұмыстарын ұсынды. 3 D бағдарламасында жасалған және 3 D принтерде басып шығарылған, механикалық ойыншықтар, виртуалды нақтылық жобалары, кеме және авиа модельдеу модельдері және т.б. ұсынылды. Көрме жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен марапатталды және олар 2021 жылдың мамыр айында өтетін облыстық ІТ көрмесіне қатысады. Біздің мектептен 11 оқушысы Оразов Мерей "Смарт саябақ" жобасын ұсынып көрсетті. 3 D бағдарламасында жасалған Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жобалар тілейміз!

