13
январь
2021
«Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасы
9-11 (12) сынып оқушыларына арналған экологиядан «Baytaq El» республикалық қашықтық олимпиадасының (бұдан әрі - Олимпиада) а.ж. 22 желтоқсан сағ.14.00-де өтті. Олимпиаданың басты мақсаты - оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, экология саласындағы заманауи процестер туралы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортаның, жануарлар дүниесінің, денсаулық жағдайын жақсарту туралы танымдық қызығушылықтарын ынталандыру. Осы олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 9-11 (12) сынып оқушылары қатысты. 9 А сынып оқушысы Калимбеков Әділжан 3 орын , 10 А сынып оқушысы Балғабекова Ділдә 2 орын иеленді. Құттықтаймыз!!!
