19
июнь
2020
ЖАС ЖҰЛДЫЗ ОНЛАЙН -2020 ☆ лагері
2020 жылдың 01 маусым айынан бастап мектебімізде онлайн мектепішілік ☆ЖАС ЖҰЛДЫЗ ОНЛАЙН -2020 ☆ лагері өзінің жұмысын бастады. Алдын-ала жоспар бекітіліп, 3 сынып оқушылары лагерге қамтылды. Бұл жылғы лагердің ерекшелігі, оқушылар өздерінің білімдерін, белсенділіктерін тағы да дәлелдей түспек . Әр сыныпқа арнайы топтар ашылып, топтардың аты беріліп, сынып жетекшілер және түрлі іс- шараларды өткізуге жауапты мұғалімдер ат салысуда. Онлайн лагерьде ағылшын пәнінен қызықты ойындар, музыка пәнінен конкурстар, орыс тілі пәнінен әр-түрлі қызықты іс -шаралар және мектеп, қала мұражайларына виртуалды саяхат жасап әр күндері қызықты өткізілуде. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері дене жаттығуларын ерекше етіп ұсынды. Әр күн сайын қызықтарға толы онлайн лагерінің қатысушылары қызығушылықтарын білдіріп, лагерге ат салысуда. Лагердің 1 маусымы 15.06.2020 күні аяқталды. Төменде ата-аналардың алғыс хаттарын назарларыңызға ұсынамыз. Жыл сайын мектепішілік ЖАС ЖҰЛДЫЗ лагері биыл да өзінің жұмысын жалғастырды.




