02
апрель
2020
ҚАШЫҚТАН САБАҚТАР
Мектеп оқушылары 6 сәуірден бастап ІV тоқсанды қашықтан оқуды бастады. Қашықтан оқытуда телеарналар, интернет-платформалар, электронды журналдар, пошта мен мессенджерлер пайдаланудамыз.
Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға арналған нұсқаулықтар ұсынуда.
Күнделік электронды журналын қолданушыларының саны бұрынғыдан да артты. Осы жерде сынып жетекшілерінің еңбегін атап өтпеске болмас. Айгерім Жанатқызы сынып жетекшілік ететін 7ә сыныбы, Раушан Маратқызының 6 г, Эльмира Мақсұтқызының 6а сыныптары электронды журнал арқылы пән мұғалімдерінің тапсырмаларын жүктеп оны орындап мұғалімнің жеке парағына салуды жүйелі жүргізіп келеді. Пән мұғалімдері сынып жетекшілерге алғыстарын айтуда.
Бастауыш сынып оқушылары алдымен Балапан телеарнасы ұсынған телесабақты көріп, тыңдап сосын өз пән мұғалімдерімен байланысқа шығып қосымша сұрақтарын қою арқылы кері байланыс жасайды.
Bilimland.kz қашықтықтан білім беру порталын бастауыш сынып мұғалімдері тиімді пайдаланып отыр. Оқушы өзінің құпия сөзі арқылы порталға кіріп, бейне жазбаны тыңдап, тапсырмаларды орындап, алған пайыздарын өз мұғалімдеріне жіберуде.
Бұл жерде де мұғалімнің шеберлігін атап өтпеске болмас. Бастауыш сынып оқушыларының 80% осы порталмен жұмыс жасауда.
Білім беру платформалары күннен күнге жаңаруда.
Әрбір мұғалім өзіне ыңғайлы білім беру платформасын пайдаланады. «Математика күрделі пәннің бірі болғандықтан тақырыпты онлайн режимінде түсіндіру тиімді деп ойлаймын», -дейді математика пәні мұғалімі Талғат Мейіржанұлы. Оқушы мен ата-ананың сұрауы бойынша 6-сыныпта математика сабағын
Zoom бағдарламасымен жүргізуде. Әрине онлайн –конференция ұйымдастыруға арналған мұндай платформалар жеткілікті. Соның бірі JitsiMeet видео конференция ұйымдастыруға арналған мультиплатформа. Осы платформаның мүмкіндерімен Талғат Мейіржанұлы әріптестерімен конференция ұйымдастыру арқылы бөлісті.
11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау мақсатында осындай онлайн платформаларды қолдану өте тиімді.