31
январь
2020
Ата-аналар арасында "Кітап - рухани қазына" READx жобасы
"Кітап - рухани қазына" тақырыбында" READ x" жобасы ата-аналар арасында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткізілді.Ата-аналар жобаға қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.Отбасылық кітап оқу мəдениетін дамыту, оқу кеңістігінің аясын кеңейту. 0 "А" даярлық тобының ата-анасы Караханова Қарлығаш,1"Б"сынып Алдажарова Айжан, 3"Ә" Шакиртова Дана, 4"А"сынып Ешимова Райхан, 4"В" сынып ата-аналары Аубакирова Әсия, Жакупова Арай оқыған кітаптарын оқырмандарға кеңінен таныстырып, өмірмен байланыстыра білді. Қорытынды сөз мектебіміздің директоры Бақытгүл Қадылбекқызына беріліп белсене қатысқан ата-аналарға алғысын білдіріп мақтау қағаздарымен марапаттады. Аталмыш жобаға белсенді қатысқан оқырман барша ата-аналарға айтар алғысымыз мол.Жас ұрпақтың жарқын болашағы – Сіздердің осындай өнегелі істеріңізде!
