10
октябрь
2019
Денсаулық күні
Мектебімізде 10.10.2019ж Денсаулық күні болып өтті. Мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. «Денсаулық күнінің» ашылу салтанатында мектеп директоры Б.Қ.Құрманғалиева сөз сөйлеп, барлық мектеп оқушыларын осы айтулы күнмен, ізгі тілектерін тілеп құттықтады. Оқушылар және ұстаздар бағдарламамен танысты.Содан кейін мұғалімдермен бірге мерекелік шараны көңілді, бойды сергітетін таңғы жаттығулардан бастады.
«Денсаулық күні» мерекелік шарасынан оқушылар өте көңілді және қуанышты болып қайтты. Бұл шара оқушылардың спортқа деген ынталары мен қызығушылықтарын арттырды, өз денсаулықтарына мұқият қарауға, жат әдеттен жиреніп тек жақсы әдеттермен достасуға, сонымен қатар қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін молайтуға баулыды. Осындай шаралардың көптеп өткізілуі ұлт денсаулығын нығайтуға, жаны да, тәні де сау ұрпақ тәрбиелеуге тигізетін пайдасы орасан!