«Әлемдік кафе» форматында әдістемелік жұмыстың жылдық есебі қорытындыланды » Средняя общеобразовательная школа № 16
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы білім бөлімінің
«№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222)563478
Есепші бөлімі:
+7(7222)568278
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әлемдік кафе» форматында әдістемелік жұмыстың жылдық есебі қорытындыланды
05
июнь
2019

«Әлемдік кафе» форматында әдістемелік жұмыстың жылдық есебі қорытындыланды

Бұл технология ақпарат жинау, білім, тәжірибе алмасу, идеялар мен пікірлермен еркін бөлісу, ұйым үшін өзекті мәселелер бойынша басқалардың не ойлайтынын тыңдау қажет болған жағдайда құнды көмекші болып табылады. Технология әр қатысушыны әңгімеге тартуға мүмкіндік береді, ол ашық, еркін психологиялық атмосфера қалыптастырады. 
         Қатысушылар бес столға топтастырылды, кофе ішілді. Әр столдың «қожайыны» сайланды. Әр топ өздеріне қатысты мәселелер бойынша пікір алмасып, шешімдерін бірлесіп іздеп, жаңа жоспарлар үшін идеяларды ортаға салды. 
         Мектептегі сегіз бірлестіктің жылдық жұмысын «Бастау» кәсіби қоғамдастығының мүшелерінен құрылған комиссия сарапқа салып, рейтинг шығарды. Рейтинг бойынша балл көрсеткіштері жоғары бірлестіктер және жылдың үздік ұстаздары анықталып марапатталды.  
  • «Ғылым жанашыры» -Нурлыбаева Ж.Н
  • «Шығармашыл –белсенді ұстаз» -Есенова Ж.Е
  • «Мәртебелі ұстаз» -Чингаева Ф.К
  • «Жалынды жас ұстаз» -Кусаинов Т.М
  • «Креативті ұстаз» -Райстанова П.К
  • «Эрудит -ұстаз» -Токтарова А.Т
  • «Мерейлі ұстаз» -Сапаргалиев Е.Т
  • «Өнерлі ұстаз» -Айтбаева Ж.А