23
май
2019
Жидебайға саяхат
Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің 3-4 сынып оқушылары Елбасының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында "Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ",- деп жырлаған данышпан ақын Абай Құнанбайұлының туып-өскен жері Семей өңіріндегі бабамыздың мұражайына айналған Жидебай қонысында орналасқан үйіне және Шәкерім бабамыздың "Жазықсыз жаза" дастанына арқау болған Еңлік пен Кебекке қойылған ескерткіш кесенесінде болып қайтты.

